3.08.2022, 15:15
Оқылды: 68

175 жылдан бері алғаш рет: Ұлыбритания жағалауында акула адамға шабуыл жасады

Ұлыбритания жағалауында әйел акуланың құрбаны бола жаздады. Бұл 175 жылдан бері жыртқыштың осы аймақта адамға жасаған алғашқы шабуылы, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі LADBible сайтына сілтеме жасап.

03

Басылым мәліметінше, акула Корнуоллдағы Пензанс айлағында сноубордпен жүрген әйелге шабуыл жасаған. Әйелдің аяғы жарақаттанған. Жәбірленуші жағалауға өздігінен жүзіп жеткен, оны жағалау күзеті қызметкерлері қарсы алып, дәрігерлерге жеткізген.

Акуланың адамға шабуылы осы аймақта соңғы рет 1847 жылы тіркелген.

Әзірге мамандар қай акула адамға шабуылдайтынын білмейді. Корнуолл жағалауында осы жыртқыштардың төрт түрі мекендейді. Сарапшылардың пікірінше, коронавирус шектеулеріне байланысты шығанақтағы кемелер азаюына орай мұнда акулалар саны артқан.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале