19.01.2024, 10:15
Оқылды: 1251

«1863 жылы дүниеге келген ән»: Димаш Құдайберген қуанышты жаңалығын бөлісті

14 қаңтарда Испанияның әйгілі “El periodico de espana” газетінің кезекті санында "Жаһандық феномен" айдарымен Димаш туралы мақала жарияланды. 

72fc221e-2961-4451-9a85-d09c30dde4d6

Фото: instagram.com

- Ғасыр дауысы, маэстро Пласидо Доминго мырза екеуміз 1863 жылғы Жоржа Бизе операсына тиесілі "The pearl Fishers" әнін шырқаймыз, – деп жазды әнші парақшасында.

Сондай-ақ Димаш әлемдегі опера жұлдызы Пласидо Домингоны қай уақыттан бері танитынын да айтты.

“1999 жылы біздің үйде үш ұлы тенордың концерті жазылған кассета болды. Бірақ мен жылдар өте келе Ұлы Пласидо Домингомен бірге Еуропадағы ең қызық "Виртуоздар" телешоуының қазылар алқасының мүшесі болып жұмыс істейтінімді елестете алмадым. Бұл – жас талантты сайыскерлер үшін нағыз жұлдыз атануға тамаша мүмкіндіктің бірі. Барлық қатысушыға және бізге, қазылар алқасының мүшелеріне сәттілік тілеймін”, – деп еске алды ерекше дауыс иесі.

Димаштың дүние жүзіндегі тыңдарманы жарыса тілек жолдап, оған “іске сәт” деп жатыр.

stan.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале