27.03.2020, 15:22
Оқылды: 280

20 наурыздан бері Орал қаласына 3000-нан аса адам келген

Қаланың санитар-эпидемиологтары әуежай, темір жол вокзалында келушілерді тепловизор құралымен тексеріп, анкета толтыртуда. Қазіргі уақытта өңірдегі эпидемиологиялық ахуал тұрақты.  Бүгінгі күні 26 адам провизорлық стационарда, 53 адам үй карантинінде, 133 адам жалпы бақылауда.  20 наурыздан бері Орал қаласына 3000-нан аса адам келген. Қала және облыс аумағында коронавирус инфекциясы тіркелген жоқ.

Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков бүгін брифингте мемлекет басшысы және облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Орал қаласында төтенше жағдай кезінде шұғыл әрекет ететін штаб құрылып, бес бағытта жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. Бірінші – мониторинг тобының ақпараттық түсіндіру жұмысы, екінші – коронавирус инфекциясын алдын алу шаралары, соның ішінде дезинфекция жұмыстарын жүргізу, үшінші – әлеуметтік маңызды азық-түлік бағасын оңтайландыру, бақылау, төртінші – қаладағы мемлекеттік мекеме қызметкерлерін қашықтықтан жұмыс жасау режиміне көшіру, бесінші – әлеуметтік жағдайы төмен азаматтарды қолдау.

– Қазіргі таңда мәдени нысандардың қызметі, спорттық және басқа да бұқаралық іс-шаралар уақытша тоқтатылды. Ірі сауда орындарының жұмыс кестесі шектелді. Мектеп оқушылары демалыста, жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері қашықтықтан оқуға көшірілді. Кинотеатр, театр, концерт залдарының, көрмелердің, мектептен тыс қосымша білім беру орындарының, түнгі клуб, фитнес залдарының, сауда орындарындағы балалар ойын алаңдарының, компьютер, спорт клбутары және аумағы 2000 шаршы метрден асатын азық-түлік емес базарлар мен сауда үйлерінің жұмысы тоқтатылды. Жалпы 221 сауда және қызмет нысанының жұмысы тоқтатылды. Қала аумағындағы 54 ауладағы алаң жабылды және бүгіннен бастап қалалық мәдениет және демалыс саябағы жабылды, – деді қала басшысы Абат Абайұлы.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале