30.12.2019, 12:19
Оқылды: 112

2020 жылы БҚО-да жол қауіпсіздігі күшейтіледі

Облыс аумағында жол көлік оқиғаларының артуына байланысты арнайы комиссия құрылып, жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін өңір тұрғындарынан ұсыныс-тілектер қабылданды. Бұл туралы облыс әкімі Ғали Есқалиев әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

jol

«Тұрғындар тарапынан көптеген ұсыныс түсті. Осы ретте, мәселені талқылауға белсенділік танытқан облыс жұртшылығына алғыс айтамын.

Комиссия жұмысының нәтижесінде 2020 жылғы бюджетке арнайы бейнекамераларды, портативті радарларды, батырма арқылы жұмыс жасайтын бағдаршамдарды, көше жарықтарын ауыстыруды және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шараларға қаражат қарастырылды. Осы жүйелі жұмыс нәтижесін беріп, апаттар санын азайтуға септігін тигізеді деп сенемін. Жүргізуші мен жаяу жүргіншінің жеке жауапкершілігі өте үлкен рөл атқарады.

Мысалы, қазір Жаңа Жылды қарсы алуға арналған іс-шаралар, кештер ұйымдастырылуда. Өкінішке орай, кейбір азаматтар өзін-өзі ұстау мәдениетіне аса мән бермейді.

Осы орайда, әр азамат өзінің туыстарына, достарына, әріптестеріне мас күйінде көлік жүргізуге болмайтының, жылдамдықты асырмай, рөлде телефонмен сөйлеспеу керектігін мейлінше ескертіп, «нөлдік төзімділік» қағидатын айтуы  қажет.

1 қарашадан бастап БҚО әкімінің «Қауіпсіз жол» жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу туралы бұйрығы күшіне енді.

Назарларыңызға, соңғы 2 айдағы жол ережесін бұзу статистикасын ұсынамын.

- 270 адам көлікті мас күйінде жүргізген;
- автокөлікті басқару құқығынан айырылған адамдардың көлік жүргізуінің 28 жағдайы тіркелген;
- жүргізуші куәлігінсіз көлікті басқарудың 485 жағдайы тіркелген;
- 4 045 адам көлік жылдамдығын асырған;
- 108 жүргізуші қарсы беттегі жолаққа шыққан;
- көлік жүргізу кезінде ұялы телефонды қолданған 645 факті тіркелген.

Екі айдың ішінде апат салдарынан 22 адам қайтыс болып, 96 адам жарақат алған.

Қымбатты жерлестер! Сіздерден жол көлік ережелерін сақтап, құқық бұзушыларға немқұрайлы қарамай, заң бұзушылық фактісін байқасаңыз полиция қызметкерлеріне хабарлауыңызды сұраймын», - деп жазады облыс әкімі.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagr am-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале