22.09.2021, 21:25
Оқылды: 74

2022 жылы ең төменгі жалақы мен зейнетақының көлемі қандай болады

“2022 - 2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасы әзірленді.

C9FF3872-6372-4DB3-9327-6C07AB862557

Атап айтқанда, 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

- ең төменгі жалақы - 60 000 теңге;

- мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 19 450 теңге;

- ең төменгі зейнетақы - 46 302 теңге;

- жәрдемақылар мен басқа да әлеуметтік төлемдерді, сондай-ақ айыппұлдарды, салықтарды және басқа төлемдерді есептеуде қолданатын бір айлық есептік көрсеткіш (1 АЕК) - 3 063 теңге;

- негізгі әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуде қолданылатын ең төменгі күнкөріс деңгейінің мөлшері - 36 018 теңге.

Бұл заң жобасын қабылдаудың мақсаты - ең төменгі жалақыны қазіргі 42 500-ден 60 000 теңгеге дейін көтеру, - делінген үкімет басшысының түсіндірме хабарламасында.

Құжат 6 қазанға дейін қоғамдық талқы үшін "Ашық НҚА" сайтына орналастырылды.

Дереккөз: zakon.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале