15.11.2022, 12:45
Оқылды: 73

2023 жылы өрт сөндірушілердің жалақысы 70% дейін көтеріледі - министр

ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин 2023 жылы өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың жалақысы қаншаға өсетіні айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

3

«Үш жыл бұрын жалақыны көтеру мәселесі көтерілген кезде біздің қызметкерлер 65 мың теңге алып отырған еді. Қазір қызметке келген қызметкердің ең төменгі лауазымдық жалақысы шамамен 110 мың теңге», - деді Юрий Ильин Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне.

Оның айтуынша, 2023 жылы жаңадан келген қатардағы қызметкерлердің айлығы максималды деңгейде өсетін болады.

«2023 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақыны 10%-дан 70%-ға дейін арттыру көзделіп отыр. 70% дегенде, бұл қызметті енді бастаған қатардағы құрамның жалақысы максималды өседі деген сөз. Ал 10% дегенде басшы құрам туралы айтып тұрмын, бұл - өрт сөндіру қызметінің бастықтары, төтенше жағдайлар қызметінің бастықтары», - деп түсіндірді министр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале