17.09.2026, 18:00
Оқылды: 0

2025 жылғы мүлік салығы: төлеу мерзімі - 1 қазан

Мемлекеттік кірістер комитеті жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелері болып табылатын жеке тұлғаларға 2025 жылғы мүлік салығын 2026 жылдың 1 қазанына дейін төлеу қажеттігін еске салады. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жазды. 

istockphoto-1504891414-2048x2048

Сурет: istockphoto.com

Салық сомалары салық төлеушілерге қолжетімді: хабарламаларды қалыптастыру үшін мәліметтер екінші деңгейдегі банктерге жіберілді, соның негізінде олардың пайдаланушыларына, оның ішінде Kaspi және Halyk мобильді қосымшаларында, әрбір объект бойынша сомалардың толық жіктелуі көрсетілген PUSH-хабарламалар келді.

Салықты ыңғайлы тәсілмен төлеуге болады:

- екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшалары арқылы;

- банк бөлімшелерінде немесе төлем терминалдарында қолма-қол ақшамен;

- банкоматтар мен төлем терминалдарында банк картасы арқылы.

Назарларыңызға салынады: 2026 жылдың 2 қазанынан бастап берешегі жойылмаған меншік иелеріне тиісті хабарламалар жіберіледі. Егер төлем 30 жұмыс күні ішінде түспесе, салық бұйрығы қалыптастырылады; ол 5 жұмыс күні ішінде орындалмаса, іс жеке сот орындаушыларына беріледі.

Комитет осы рәсімнен аулақ болу үшін салықты уақытылы төлеуді ұсынады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале