14.05.2026, 12:30
Оқылды: 3

2026 жыл тарихтағы ең ыстық жыл болуы мүмкін

2026 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық жылдардың бірі ретінде тіркелуі ықтимал, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

climate change, low angle view Thermometer on blue sky with sun shining in summer show increase temperature, concept global warming

Сурет: istockphoto.com

Жаһандық жылыну

Бұл туралы Reuters агенттігі халықаралық климат зерттеушілерінің мәліметіне сілтеме жасап хабарлады. Ғалымдардың айтуынша, жаһандық температураның күрт көтерілуі орман өрттері мен табиғи апаттардың жиілеуіне әкелуі мүмкін.

Климат мамандары әсіресе Солтүстік жартышарда байқалып отырған Эль-Ниньо құбылысы жағдайды ушықтыратынын айтады. Бұл құбылыс кезінде Тынық мұхитының экваторлық бөлігіндегі су беті қалыпты деңгейден әлдеқайда қатты қызады. Соның салдарынан атмосферадағы жылу артып, әлем бойынша температура рекордтары жаңарады.

Дүниежүзілік метеорологиялық ұйым дерегіне сәйкес, соңғы жылдары атмосферадағы парниктік газдардың көлемі тарихи максимумға жеткен. Сарапшылардың пікірінше, климаттың өзгеруі енді болашақтың емес, қазіргі күннің ең үлкен қатеріне айналып отыр.

Салдары қандай?

Биыл жыл басынан бері әлем бойынша орман өрттерінен 150 миллион гектардан астам аумақ жанып кеткен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда шамамен 20 есе көп көрсеткіш. Әсіресе Африка мен Азия елдері қатты зардап шегіп отыр. Кей өңірлерде құрғақшылық күшейіп, ауыл шаруашылығына да қауіп төнген.

Сонымен қатар NASA мен Коперник климаттық өзгерістер қызметі биылғы температуралық көрсеткіштер соңғы онжылдықтағы барлық рекордтан асуы мүмкін екенін мәлімдеді. Ғалымдар аптап ыстықтың салдарынан су тапшылығы, азық-түлік бағасының қымбаттауы және денсаулыққа байланысты қауіптердің де арта түсетінін ескертеді.

Мамандардың айтуынша, егер мемлекеттер көмірқышқыл газының бөлінуін қысқартуға қатысты нақты шараларды жедел қолға алмаса, алдағы жылдары климаттық апаттар бұрынғыдан да жиілей түсуі мүмкін.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале