ҚР Оқу-ағарту министрлігі бастауыш сыныптардағы бағалау тәсілін қайта қарады.

Сурет: Сайт архивінен
Оған ата-аналардың өтініштері, педагогтердің ұсыныстары мен практикалық тәжірибесі, білім алушылардың оқу жетістіктерін мониторингтеу нәтижелері, сондай-ақ отандық және халықаралық зерттеулердің қорытындылары негіз болды. Бұл туралы ҚР оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шынар Ақпарова ОКҚ алаңында хабарлады. Оның айтуынша, критериалды бағалау жүйесі сақталады. Осыған сәйкес, 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап 2-4-сыныптарда бағалаудың жаңартылған тәсілдері енгізіледі.