21.09.2021, 11:23
Оқылды: 124

22 елді мекеннің 16-сы көгілдір отынмен қамтылған

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатына қатысқан Жаңақала ауданының әкімі Наурызбай Қарағойшин ауданының тәуелсіздік жылдарында әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндап берді.

2087A6CA-C16E-4585-9722-A9E288BFADA6

  Аудан әкімі өз сөзінде халықты сапалы ауыз сумен, көгілдір отынмен, баспанамен қамту бағытында атқарылған істерге тоқталып өтті.

Егемендігіміздің алғашқы жылдарындағы қиыншылықтар халықты ауыз сумен қамту саласын да айналып өтпеді. Мемлекет тарапынан қабылданған бағдарламалар нәтижесінде ауданда ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Атап айтқанда «Таза су» бағдарламасы аясында 2002-2005 жылдары тоғыз ауылдық округ орталығы таза ауыз сумен қамтылды. Сонымен қатар «Ақбұлақ» бағдарламасы бойынша 2011-2020 жылдар аралығында 12 елді мекенге орталықтандырылған ауыз су құбыры тартылып, халық игілігіне берілді. Аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бағытындағы ең ірі жобалардың бірі – ұзындығы 150 км болатын Жаңақала топтық су құбырының құрылысы. Сонымен қатар, жеті елді мекенді Жаңақала топтық су құбырына қосу мақсатында жобалау сметалық құжаттама жасақталып жатыр. Алдағы жылдары перспективалы кіші елді мекендерді кезең-кезеңімен ауыз сумен қамту жұмыстары жоспарланатын болады,-деді Н.Қарағойшин.

877BDAF6-CC65-41A0-8ED6-DE025F56C952

Аудан әкімі келтірген мәліметтерге сүйенсек, қазіргі таңда аудан тұрғындарын орталықтандырылған таза ауыз сумен қамту деңгейі 91%-ға жеткен.

AF9CB76D-4CA7-4F99-8B64-DD9DCB8510FF

Сондай-ақ ауыл-аймақты көгілдір отынмен қамту бағытындағы бағдарлама аясында ауданда жүйелі түрде жұмыстар жүргізіліп, сегіз округ орталықтары мен алты елді мекен көгілдір отынға қосылған. Ал 2021-2022 жылдары қосымша төрт елді мекенді газбен қамтамасыз ету жұмыстары басталған. Қазіргі таңда аудан бойынша 22 елді мекеннің 16-сы табиғи газбен қамтылып, халықты көгілдір отынмен қамту көрсеткіші  95%-ды құрап отыр.

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале