14.12.2021, 9:20
Оқылды: 105

2200 шақырым оптикалық желі тартылды

«Қазақтелеком» АҚ филиалы Батыс өңірлік телекоммуникациялар дирекциясы қызметінің негізгі бағыттарының бірі  – абоненттердің  инфокоммуникациялық қызметке қатысты барлық сұранысы бойынша жұмыстану, телекоммуникация сервисін үздіксіз жетілдіру, жаңа қызмет түрін енгізу,  тұтынушыларға техникалық қызмет көрсету. Соңғы жылдары облыс бойынша бұл бағытта ауқымды жұмыс атқарылуда.

WhatsApp Image 2021-12-14 at 09.34.50

Батыс өңірлік телекоммуникация дирекциясы Батыс Қазақстан жергілікті желілер техникалық торабының директоры Андрей Чеботаревтің (суретте) айтуынша, қала мен ауыл тұрғындары арасындағы ақпараттық теңдікті қамтамасыз етуге бағытталған «ТОБЖ АЕМ» жобасы бойынша талшықты-оптикалық байланыс желілері технологиясын пайдалана отырып, ауылдарды интернетпен қамтамасыз ету көзделген. «Қазақтелеком» АҚ  екі жыл ішінде Батыс Қазақстан облысында 2200 шақырымнан астам оптикалық желі  тартты. Жоба ауқымында 12 аудан орталығы мен 81 ауыл телекоммуникация магистраліне қосылды. 134 ауыл оптикалық байланыс желісімен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар аудандардағы 300-ден астам мемлекеттік мекеме (әкімдіктер, мектептер, ауруханалар, полиция бөлімдері) жылдамдығы 10 Мбит/с-тан 100 Мбит/с-қа дейінгі кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілді.

Аталған жоба есебінен мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде ауылдық жерде «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру үшін инфрақұрылымды жақсарту қолға алынуда. Қарқынды интернет цифрлық технологиялар көмегімен тұрғындарға тез әрі тиімді қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. «АЕМ 250+ ұялы кең жолақты қолжетімділік» бағдарламасы бойынша 178 ауылда 3G желісі істеп тұр. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында Тасқала ауданындағы Шежін-2 ауылында талшықты-оптикалық байланыс желісі іске қосылды. Облыс орталығынан 100 шақырым қашықтықта орналасқан елді мекенде үш абонент – ауыл әкімдігі, мектеп, ауруханада интернет сапасы айтарлықтай жақсарды.

Биыл байланыстың мыс желілерінің жөнделуі ауыл тұрғындарын сымды интернетпен қамтуға мүмкіндік берді. Алғашқылардың бірі болып Нұрболат Айтжанов «Silver» тарифын орнатты. «Кеңес заманында халық «Ильич шамын» күткеніндей, біздің ауылдың тұрғындары да ғаламторға қосылуды асыға күтті. Ауылымыздағы мобильді интернет желісі өте әлсіз еді. Қазіргі кездегі қызмет сапасы менің көңілімнен шығады. Немереммен бірге цифрлық теледидар тамашалаймыз», – дейді Нұрболат  Айтжанов.

«Қазақтелеком» АҚ облыс орталығында да бірқатар жобаны жүзеге асыруда. Орал қаласындағы Зашаған кентінің «Бірлік» кешеніндегі үйлер интернетке қосыла бастады. Кенттегі көпқабатты 8 тұрғын үйді желіге қосу үшін 512 портты OLT тақталары орнатылды. FTTH желісі бойынша 150-ден астам абонент қосылды. Тұрғындар талшықты-оптикалық желі арқылы жылдамдығы жоғары интернетпен, цифрлық теледидармен және IP-телефон қызметтерімен қамтамасыз етілген. «Бірлік» кешенінде тұратын Лаура Кауэтова жетекші байланыс операторының қызметтер пакетінің көп ұзамай пайдалануға берілгеніне қуанышты екенін жеткізді. Бұған дейін көп балалы отбасының пәтерінде мобильді желі жылдамдығы жеткіліксіз болды.Карантин кезінде онлайн режімде оқыған балалар интернет жылдамдығының баяу болуы себебінен қиындыққа тап болды.

– «Қазақтелеком» қызмет көрсететінін жариялаған кезде, әрине, бірден оны пайдалануға шешім қабылдадым және мекемеге дереу өтінім жоладым. Мамандар келіп, сапалы интернет желісіне қосатын құрылғыны жедел іске қосты. Соның нәтижесінде интернет жылдамдығы күшейді, ғаламтордан ақпаратты тез табуға, көлемі үлкен файлдарды жүктеуге мүмкіндік туды. Балалар өздеріне ұнаған әдебиетті оқып, кино көреді, онлайн ойындарды ермек қылады, әлеуметтік желілерді еркін қолданады. Ал маған цифрлы телевизия ерекше ұнайды. Балалардың ұялы телефондары Wi-Fi желісіне қосылған, жұмыс орнынан бейнеқоңырау арқылы хабарласып, олардың тәртібін қадағалап отырамын, – дейді Лаура Кауэтова.

WhatsApp Image 2021-12-14 at 09.34.51

Андрей Чеботаревтің сөзінше, облыс бойынша 1123 үй, оның ішінде Орал қаласында 1030 үй оптикаға қосылған. Компания 2021-2024 жылдар аралығында төрт кезең бойынша Орал қаласындағы көпқабатты 800 үй­ді оптикалық желіге көшіруді жоспарлауда. «Ростелеком» компаниясымен бірлескен жо­ба бойынша шекаралық торап салынуда. 2022 жылы «Қазақтелеком» АҚ жеке қаражаты есебінен Орал қаласында қайта салынған көпқабатты 93 үйге (жалпы саны – 7882 пәтер) телекоммуникация желісі тартылмақ.

– «Fixed Wireless Access» (сымсыз интернет – 4G негізіндегі технология) жобасы аясында «Қазақтелеком» облыс орталығының қамтылмай қалған барлық аумағын сымсыз интернетпен қамтамасыз етуді, «ақтаңдақ» деп аталатын мәселені шешуді жоспарлап отыр. Сондай-ақ «Дедупликация» жобасы бойынша Орал қаласының көпқабатты секторын оптикалық желілерге көшіруді, яки әр үйге дауыстық шлюздерді орнатуды бастаймыз. Бұл жоба ескірген мыс желісін жаңартуға және абоненттерді FTTH желісіне ауыстыруға мүмкіндік береді. Бұл ретте абонент бұрынғы телефон нөмірін қолдана береді, тұтынушылар алаңдамаса болады, – деп атап өтті Андрей Чеботарев.

Облыстық ақпараттандыру, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және архивтер басқармасы ақпараттандыру бөлімінің бас маманы Райымбек Рашитовтың мәліметіне сүйенсек, облыстағы 416 ауылдық елді мекеннің 323-інде интернетке қолжетімділік бар. 377 ауылда дауыстық қоңыраулар үшін ұялы байланыс (2G) қолжетімді. 2018-2020 жылдары облыстың 92 ауылына мемлекеттік-жекеменшік  әріптестік шеңберінде «Қазақтелеком» АҚ және «Транстелеком» АҚ байланыс операторлары талшықты-оптикалық байланыс желісін өткізді. Былтыр 250-ден астам тұрғыны бар ауылдық елді мекенде 3G/4G технологиясы арқылы мобильді интернет өткізу жобасы іске асырылды. Аталған жоба бойынша облыста 70 ауыл мобильді интернетпен қамтылды. Бүгінгі күні байланыс операторлары интернет сапасын жақсарту бойынша жұмыстануда. 2021 жылғы тамызда ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Телекоммуникациялар комитетінің Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Атырау облыстары бойынша өңіраралық байланыс инспекциясы нысандарды аралап, «Кар-Тел» ЖШС (Билайн) және «Кселл» АҚ байланыс операторлары­на қатысты жоспардан тыс тексеру  жүргізді.

Ұялы байланыс операторлары көрсететін қызметтер сапасының техникалық параметрлерін өлшеу нәтижесінде ҚР заңнамасына сәйкес 9 елді мекен (Жәнібек ауданының Талов, Жақсыбай, Борсы, Қамысты, Казталов ауданының Қайыңды, Болашақ, Тасқала ауданының Мереке, Бәйтерек ауданының Егінді­бұлақ және Бөкей ордасы ауданының Бисен ауылдары) бойынша «КаР-Тел» ЖШС-ға, 4 елді мекен бойынша (Казталов ауданының Көпкүтір, Тасқала ауданының Оян, Қаратөбе ауданының Ақтай, Қоржын ауылдары) «Кселл» АҚ-ға тиесілі байланыс қызметінің сапа көрсеткішінде бұзушылықтар анықталды. Сәйкесінше операторлар әкімшілік жауапкершілікке тартылды (100-ден 200 АЕК-ке дейін айыппұл). 2022 жылдың 4-9 ақпан күндері (04-09.02.2022 ж.) орындау мерзімімен бұзушылықтарды жою туралы нұсқама  берілді.

Биыл жыл соңына дейін «Қазақтелеком» АҚ серіктестері бірқатар ауылда «нүкте-көпнүкте» технологиясы бойынша радиокөпір арқылы интернетке кең жолақты қолжетімділік қызметін ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Аталған жобада бұрын ТОБЖ тартылған 12 елді мекен қамтылады (Ақжайық ауданының Жұбан, Мерген, Жә­нібек ауданының Ақоба, Бәйтерек ауданының Январцев, Қаратөбе ауданының Соналы, Егіндікөл, Қоскөл, Қарақамыс ауылдары, Бөкей ордасы ауданының Сейітқали, Сырым ауданының Алғабас,  Тоғанас,  Теректі ауданының Үлкен еңбек ауылдары).

WhatsApp Image 2021-12-14 at 09.34.51 (1)

Атап өткеніміздей, Тасқала ауданының  Шежін-2 ауылында ADSL технологиясы бойынша сымды интернет өткізу жұмысы аяқталды. Қазіргі таңда «Қазақтелеком» АҚ абоненттерді интернет желісіне қосу бойынша жұмыстарды  жүргізуде. «Транстелеком» АҚ Тасқала ауданының Оян ауылында талшықты-оптикалық байланысжелілерінің құрылысын жүргізіп, кең жолақты интернет желісіне жеті мемлекеттік мекеме қосылды. Қазіргі таңда ауыл тұрғындарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету жоспарлануда. Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнер­кәсібі министрлігі кең жолақты қолжетімділік инфрақұрылымын одан әрі дамыту үшін тұрғын саны 250 адамнан кем АЕМ-де мобильді интернет өткізу жобасын іс­ке асыруды жоспарлап отыр. Аталған жоба ауқымында облыс бойынша 58 ауыл тізімі бекітілді.

2021 жылы 2 АЕМ Жаңақала ауданы Кіші Айдархан,

Бөкей ордасы ауданы Үштерек

2022 жылы 32 АЕМ:

Ақжайық ауданы Тегісжол, Бітік, Жолап,

Жаңақала ауданы Төртқұлақ,

Бәйтерек ауданы Забродин, Павлов,

Казталов ауданы Кішкене талдықұдық, Еламан, Ордабасы, Қособа, Мереке,

Қаратөбе ауданы Алакөл, Шалғын, Сәуле,

Сырым ауданы Саралжын, Сасықкөл, Қызылағаш, Қарақұдық, Қазақстан,

Тасқала ауданы Беленький, Ынтымақ, Кеңжайлау, Қалмақшабын, Алмалы, Айнабұлақ,

Теректі ауданы Бозай, Ерсары, Қандык, Сатымшеген, Придорожный,

Шыңғырлау ауданы Жаңақұш, Талдысай

2023 жылы 24 АЕМ

Бөрлі ауданы Димитров, Қарашығанақ,

Жаңақала ауданы Салтанат, Аққұс,

Жәнібек ауданы Құрсай, Өнеге, Майтүбек,

Бәйтерек ауданы Тереңқұдық, Әжен, Тайғара,

Шыңғырлау ауданы, Амангелді, Қайыңды

Нұртай Алтайұлы,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале