7.02.2023, 11:45
Оқылды: 66

260 миллион  теңге қайда «ұшты»?

Жуырда облыстық мәслихаттың  үлкен залында  облыстық  қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықовтың төрағалығымен  аталмыш кеңестің кезекті отырысы өтті. 

9dfb2264-a332-4fca-855f-6377a082b547

Жиында қоғамдық кеңес мүшесі Бауыржан Ахметжан әлеуметтік нысандардың құрылысы және күрделі жөндеу жұмыстарының атқарылуына жүргізілген мониторинг қорытындысын жария етті. «Әділдік жолы» қоғамдық бірлестігі мен облыстық қоғамдық кеңестің өкілдері бірлесіп 2022 жылға арналған мемлекеттік сатып алу келісімшарттарының орындалуына талдау жасап, ауыл-аудандардағы құрылыс нысандарын (мектептер, жолдар, мәдениет үйлері және т.б.) аралаған. «Былтыр 80 млрд теңгеге 68 мердігермен 201 келісімшарт жасалды. Осы мердігерлердің 37-сі (55%-ы) – басқа өңірлерден. Экономиканың түрлі саласына қарай жіктеп-жіліктеп айтар болсақ, жол жөндеу бойынша 23,5 млрд теңгеге – 68, абаттандыруда 3,1 млрд теңгеге – 28, су құбыры құрылысында 5,7 млрд теңгеге – 24, ғимарат құрылысы бойынша 17,9 млрд теңгеге – 24, мектеп құрылысы, жөндеу жұмысына 10,3 млрд теңгеге – 23, мәдениет үйлерін салу және жөндеу бойынша 1 млрд теңгеге 10 келісімшарт жасалған. Аудандар ішінен Теректіде 6,1 млрд теңгеге – 45, Бәйтеректе 8,4 млрд теңгеге – 26, Бөрліде 6,1 млрд теңгеге – 26, Казталовта 5,2 млрд теңгеге – 13, Орал қаласында 35,6 млрд теңгеге 34 жоба жүзеге асты. Тендерлерде ең көп келісімшарт «Ануш-Құрылыс» ЖШС (20 келісімшарт 7,7 млрд теңгеге), «ДСК-Приоритет» ЖК (13 келісімшарт 4 млрд теңгеге),  «Жайық Сити» (10 келісімшарт 1,3 млрд теңгеге), «ГрадСтройСервис» (9 келісімшарт 2,2 млрд теңгеге), «ҚазЕвроСтрой» (9 келісімшарт 1,6 млрд теңгеге), «Қалдығайты» (8 келісімшарт 534 млн теңгеге), «БатысКотлоМонтаж» (8 келісімшарт 220 млн теңгеге),  «Әлем құрылыс корпорациясы» ЖШС (7 келісімшарт 273 млн теңгеге) және басқа да компанияларымен жасалған. Құрылысшы компаниялардың салғырттығынан Теректі (1,8 млрд теңгенің 20 жобасы), Ақжайық (2,8 млрд теңгенің 6 жобасы), Тасқала (930 млн теңгенің 5 жобасы), Бөкей ордасы (694 млн теңгенің 4 нысаны), Шыңғырлау (808 млн теңгенің 3 нысаны) аудандарында сақалды құрылыстар пайда болды.

9d4a37e9-cf6b-46ae-a690-5b42f7a30ae3

Мердігерділердің арасында тендерден көп құрылыс салуды ұтып алып, мойындарына алған міндеттерін орындай алмай отырғандар баршылық. Мысалға, «ГрадСтройСервис» ЖШС 7 нысанды тапсыруға асығар емес. «Әлем Құрылыс корпорациясы» 6 құрылыстың жұмысын кестеге сай жүргізе алмай отыр. «Қалдығайты» ЖШС 4 құрылыс нысанын пайдалануға тапсыруды кешіктірді. Санай берсек, мұндай жайбасар компаниялар қатарында «Дәнекер» (3 нысан), «Ануш-Құрылыс» (2 нысан), «Нұртехсервис» (2 нысан) және  басқалары  бар.

Гүлбаршын  Әжігереева,

Мақаланың толық нұсқасын

«Орал өңірі» газетінің

7 ақпандағы №11 санынан оқи аласыз

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале