3.06.2015, 15:55
Оқылды: 15

Мемлекеттік сыйлықтар тағайындалды

AbdihalikovaБүгін ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықованың төрағалығымен ҚР әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын тағайындау бойынша комиссияның бірінші отырысы өтті.

Мемлекеттік хатшы Г.Н. Әбдіқалықова Мемлекет басшысы ұсынған 5 институционалдық реформа және 100 нақты қадам Ұлт жоспарының әр қадамы заманауи қазақстандық қоғамның іргесі мен зияткерлік әлеуеті болатын  білім және үздік технологиялартірегін болжайтынын атап өтті.

Гүлшара Әбдіқалықова Ұлт жоспарын іске асыруда қазақстандық ғылыми-техника зиялыларының жоғары технологиялық экономикалық өсу мен қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында адами капиталды дамыту үшін басты рөл атқаратынын айтып өтті.

Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығымен 2015 жылғы қаңтарда жарияланды, ол үздік ғылыми зерттеулер мен енгізілген инновациялар үшін тағайындалады. Сыйлықты іздену үшін түбегейлі жаңа өнімді, технологияны құру және оны экономиканың түрлі салаларында енгізу бойынша ғылыми-технологиялық және инновациялық қызметтің танылған нәтижелері ұсынылуы мүмкін. Әл-Фараби атындағы сыйлыққа ұсынылған жұмыстың қазақстан халқы үшін экономикалық және әлеуметтік әсері болуы тиіс.

Ғылым мен техника саласындағы сыйлықтар екі жылда бір рет тағайындалады. Сыйлық көлемі 18,6 млн.теңгені құрайды. Аталған шаралар ғалымдар еңбегін және олардың ғылымға қосқан шынайы үлесінынталандыруға, ғылымды қажетсінетін экономиканы дамытуға бағытталған.

2015 жылғы Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын тағайындау жөніндегі комиссияның қарауына 26 жұмыс ұсынылды. Отырыс барысында Мемлекеттік сыйлықты тағайындауға ұсынылған жұмыстар бойынша мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама қорытындылары мен сараптамалық-талдау нәтижелері қарастырылды. Келесі бағыттар бойынша секция төрағалары ұсыныстармен сөз сөйледі: физика-математикалық және техникалық, химия-технологиялық ғылымдар, биологиялық және ауыл шаруашылығы, қоғамдық-гуманитарлық ғылымдар, медициналық, металлургия және жер туралы ғылымдар.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы Мемлекеттік сыйлығын тағайындауға алдын ала іріктеуден өткен жұмыстар тізбесін бекіту туралы шешім қабылдады. Тізбе кеңінен қоғамдық талқылау мақсатында «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінің таяу уақыттағы нөмірлерінде жарияланатын болады.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале