25.01.2021, 15:58
Оқылды: 129

272 адамға несие берілмек

«Ауыл  шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚО филиалы кәсіп бастауы немесе шаруасын одан әрі дамытуы үшін несие алғысы келетін ауыл тұрғындарынан құжат қабылдауды бастады.

C89CA65A-A0F4-42B9-9BFB-7DB6EB34C7DE

Қаржылай қолдау «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» шеңберінде жүзеге асуда.

– Аталмыш бағдарлама кәсібін ашқысы немесе бизнесін одан әрі дамытқысы келетін ауыл адамдары үшін тиімді. Өйткені ауылдағы тұрғын үйлер мен ғимараттарды, техникалар мен ауыл шаруашылығы техникаларын кепілдікке қоюға болады. Несиенің жылдық мөлшерлемесі – 6%. Көп балалы және аз қамтылған отбасыларға 4%-бен беріледі.

Шағын несиені мал өсіруге немесе халыққа қызмет көрсететін, яғни шаштараз, тігінші сияқты кәсіппен айналысуға пайдалануы керек. Сондай-ақ жолаушы, жүк тасымалымен айналысу үшін аутокөліктер сатып алуға мүмкіндіктер бар, – дейді облыстық ауыл шаруашылығы бас-қармасы басшысының орынбасары Сатқан  Өмірзақов.

Бағдарлама аясында өңірде 2017-2020 жылдар аралығында 14,0 млрд. теңгеге 3376 шағын несие берілген. Өткен жылдың өзінде 3 млрд. 880 мың теңгеге 1013 шағын несие рәсімделіпті. 2021 жылға 1,2 млрд. теңге қаралып, 272 адамға несие беру жоспарланған. «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ БҚО филиалы директорының орынбасары Дамир Ақынбековтің сөзінше, несие мал шаруашылығын дамытуға 4 млн. теңге, «Кәсіпкер» бағдарламасы бойынша 6 млн. теңге, кәсібін дамытамын деген шаруа қожалықтарына 30 млн. теңгеге дейін беріледі. Қалалық кәсіпкерлерге несиені 16 млн. теңгеге дейін алуға мүмкіндік бар. Несиелерді беру наурыз айында басталады.

Ясипа Рабаева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале