14.12.2021, 15:30
Оқылды: 116

30 аутокөлік табысталды

Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай БҚО полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторларына заманауи құралдармен жабдықталған 30 аутокөлік табысталды. Жеңіс алаңында өткен мерекелік іс-шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысты.

WhatsApp Image 2021-12-14 at 15.23.41

- Баршаңызды Тәуелсіздік күнімен құттықтаймын. Ел қауіпсіздігі мен қоғамдағы тұрақтылықты сақтауда полиция қызметкерлерінің қосар үлесі зор. Облыс тұрғындары да қиындыққа тап болса, ең бірінші, полиция қызметкерлерінен көмек сұрайды. Бұл  жұртшылықтың сіздерге деген сенімінің ұялағанын көрсетеді. Сондай-ақ сіздер қылмыстың алдын алуда да уақытпен санаспай, еңбек етіп келесіздер. Полиция қызметкерлерінің жұмысы жеңіл емес. Білім мен жүйелі біліктілікті арттырып отыруды, физикалық дайындықтыталап етеді. Сіздер, күндіз-түні жұмысқа шығып, қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етесіздер. Осындай жұмыстардың арқасында елімізде саяси тұрақтылық орнаған. Қоғамда тәртіп бар. Десе де ел тыныштығын күзетуде, қызмет барысында облыста 32 полицей қаза тапқан. Облыстық полиция департаменті болашақта мұндай жағдайды болдырмауы керек. Тәуелсіздік күні құтты болсын. Ел игілігі үшін еңбек ете беріңіздер, – деді облыс әкімі Ғали Нәжімеденұлы.

WhatsApp Image 2021-12-14 at 15.23.50

Мерекеге орай ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың "ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл" медалімен БҚО полиция департаментінің 13 полиция қызметкері, сондай-ақ Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың бұйрығымен "Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін" медалімен, 2-дәрежелі «Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен, ҚР ІІМ Құрмет грамотасымен, ҚР ІІМ алғысхатымен, БҚО полиция департаменті бастығының алғысхатымен және облыс әкімінің грамотасымен бірқатар полиция қызметкерлері марапатталды.

WhatsApp Image 2021-12-14 at 15.23.45

WhatsApp Image 2021-12-14 at 15.23.43

WhatsApp Image 2021-12-14 at 15.23.51

Гүлсезім Бияшева,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале