4.05.2021, 11:56
Оқылды: 213

«30 еңбек елшісі» жобасының жеңімпаздары телевизиялық жобада бақ сынауда

Еліміздің егемендігіне 30 жыл толуына орай, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының ұйымдастыруымен «30 еңбек елшісі» кәсіподақ жастарына арналған республикалық жылдық жоба бастау алған болатын. Жобаның басты мақсаты – кәсіподақ құрамына жаңашыл, креативті, білікті жастар резервін қалыптастыру және аймақтардағы кәсіподақ қозғалысының белсенділігін арттыру, еңбек жастары арқылы кәсіподақ ұрандары мен мүдделерін кеңінен насихаттау.

IMG-20210504-WA0009

Аталмыш жобаның Батыс Қазақстан облысы бойынша жеңімпаздары, «Келешек» жастар кеңесінің мүшелері Мерген Сүлейменов пен Ақерке Шайқы өздеріне жүктелген міндеттер мен үміттерді ақтауда.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өңірдің әр салада жүрген жас көшбасшыларының қатысуымен «Білімділер додасы» телевизиялық зияткерлік жобасында кәсіподақ жастары да бой көрсетті.
Жоба қатысушысы, бастауыш кәсіподақ ұйымының жас жетекшісі, еңбек елшісі – Мерген Сүлейменов өз сөзінде: «Өңіріміздегі ең мықты жастардың арасында бақ сынау – бәсекелестікке толы қызу тартыс, нағыз зияткерлік майдан іспеттес. Кәсіподақтағы тәжірибемнің де үздік нәтижелерге себепші болғанын жасырмаймын. «30 еңбек елшісі» жобасының жеңімпаздары Нұр-Сұлтан қаласында бас қосқан кезде Атыраудан келген әріптесім Атырау көпірі туралы жақсы мағлұматтар берген еді, кешегі ойында бұл ақпаратпен қоржынға тағы бір ұпайды салған болатынбыз. Әрине, жастар көшімен араласа жүріп, өзіміздің елші ретіндегі миссиямызды да қатар алып жүрген жайымыз бар, - дейді.
Зияткерлік доданың толық нұсқасы «Aqjaiyq» телеарнасынан көрсетілетін болады.

«БҚО Кәсіподақтар орталығы» АКБ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале