29.06.2021, 9:41
Оқылды: 197

35 нысандағы жобалар 

Бәйтерек ауданы бойынша биылғы жылдың қаңтар-сәуір айларында негізгі капиталға 4 995,2 млн теңге инвестиция тартылды. Алдағы қазан айында Самара облысының шекаралас ауданымен "Zelenov invest" форумын өткізу жоспарлануда.

Covid-19. Coronavirus Outbreak Design with Virus Cell in Microscopic View on Shiny Light Background. Vector 2019-ncov Illustration Template on Dangerous SARS Epidemic Theme for Promotional Banner

Бәйтерек ауданының әкімі Марат Тоғжановтың сөзіне сүйенсек, биылғы төрт ай ішінде инвестиция тартудың барлық көрсеткіші бойынша өсім тән. Қазіргі кезде ауданда 35 нысанда жұмыстар жүргізілуде. 2021 жылы бюджеттік инвестициясыз 21 млрд. теңгеден астам қаржыны игеру жоспарланған. Оның ішіндегі ірі жобалар: "World Green Companu"  ЖШС-ның жылыжай салу, "Урал Ойл Энд Газ" ЖШС-ның Рожков кен орнын игеру, "Bayston" ЖШС-ның көтерме сауда тарату орталығының жеміс-көкөніс қоймасын, "134" ЖШС-ның кірпіш зауытын, "Батыс Строй Монтаж" ЖШС-ның демалыс паркін салу және басқалары. Осы жобаларды жүзеге асыру арқылы  450-ден астам жұмыс орны құрылмақ.

Ауданның ауыл шаруашылығы саласында да жаңа техника және мал сатып алу, "Жайық Агро" ЖШС-ның және "Гурсаев" шаруа қожалығының суармалы учаскелерді салу, "Алтын бидай", "Жаңа әлем" шаруа қожалықтарының астық және көкөніс қоймасын салу жобаларын іске асыру жоспарланған. 2022 жылдан бастап Белес ауылдық округінде 200 жұмыс орнын құрумен құны 47,5 млрд. теңге болатын "Казармапром" ЖШС-ның заманауи құю зауытының құрылысы, құны 8,8 млрд. теңгеге "Beles Farm" ЖШС мал шаруашылығы шағын кластері, 100 жұмыс орнын құрумен құны 86,5 млрд. теңгеге "Zhaik Petroleum LTD" ЖШС сұйық метанолын шығаратын зауыты сияқты ірі жобаларды іске асыруға кірісуді жоспарлаған. "Қайнар" ЖШС аккумулятор зауытының құрылысына жер телімін бөлу бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Гүлбаршын Әжігереева,

zhaikpress.kz

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале