5.10.2021, 12:05
Оқылды: 109

36 отбасы қоныстой тойламақ

Казталов аудан орталығы мен Жалпақтал ауылында салынып жатқан үш қос қабатты, 12 пәтерлі тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, 36 отбасы баспаналы болмақ.

Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар алаңында өткен дәстүрлі баспасөз мәслихатында Казталов ауданының әкімі Альберт Есалиев мәлімдеді.

84490D46-C9E9-4566-AE04-F7C3B846105A

-Ауданда коммуналдық тұрғын үйлер құрылысы 2006 жылдан бастау алады. «Қол жетімді тұрғын үй - 2020», «Нұрлы жер» бағдарламалары аясында 15 жылдың ішінде 47 коммуналдық тұрғын ұйлер пайдалануға беріліп, 101 отбасы баспаналы болды. Ауданда тұрғындар тарапынан жеке үйлер салу белсенді жүргізіліп келеді. Тәуелсіздік жылдары барлығы 130 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды. Жеке тұрғын үй құрылысына жағдай жасау үшін 2013 жылы аудан орталығында 128 жер теліміне қажетті инфрақұрылымдар жүргізілсе, биыл Жалпақтал ауылындағы 61 жер теліміне инфрақұрылымдар жүргізіліп, жерге кезек толықтай жабылды,-деді А.Есалиев.

12E378FA-E836-4D83-A170-7336A1C1030C

Аудан басшысының айтуынша, өткен жылы төрт елді мекенге табиғи газ берілсе, биыл жыл соңына дейін төрт ауыл газбен қамтылып, халықтың 92% көгілдір отынға қол жеткізеді екен. Сонымен қатар екі мыңнан астам халық тұратын газданбаған 16 елді мекенді көгілдір отынмен қамту жұмыстары биыл басталып, алдағы жылы аяқталмақ.

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале