15.05.2023, 14:44
Оқылды: 46

40-шы Балқан математикалық олимпиадасында қазақстандық оқушылар 6 медаль еншіледі

"40-шы Балқан математикалық олимпиадасы Түркияның Анталия қаласында өтіп, оған Балқан түбегінің 22 елінен және қонақ мемлекеттерден 130-дан астам оқушы қатысқан. Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан атынан барған 6 оқушы да медальға ие болды", - деп хабарлайды ҚР оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

a978cbcafe80231a4cf77d40ef90f5c0_1280x720

Олар:
• Байшуак Райымбек – Алматы қ. Республикалық физика-математикалық мектебінің 11 сынып оқушысы;
• Юркевич Мирон - Алматы қ. Республикалық физика-математикалық мектебінің 10 сынып оқушысы;
• Жан Даутов – Қостанай облысы «Білім-инновация» мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы;
• Марғұлан Шарел– Жамбыл облыстық дарынды ер балаларға арналған мамандандырылған «Білім-Инновация» лицейінің 10 сынып оқушысы;
• Нағашыбек Мухаммед – Астана қ. «NURORDA» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы;
• Владимир Роговский – Павлодар қаласының дарынды балаларға арналған № 8 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы.

40-шы Балқан математикалық олимпиадасының мақсаты – математика пәнінен дарынды оқушыларды ынталандыру және дамыту, қатысушы елдер арасында мектеп бағдарламалары мен тәжірибелері туралы ақпарат алмасу үшін мүмкіндіктер жасау. Сондай-ақ Халықаралық математика олимпиадасына (IMO) дайындалу және тәжірибе жинақтау.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале