30.07.2026, 16:00
Оқылды: 8

50 миллионға дейін және конкурссыз: Қазақстанда танымал ипотека қайта іске қосылады

Тамызда Отбасы банк "Ұмай" әйелдер ипотекасына өтінім қабылдауды қайта бастайды. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте банктің Алматы филиалы директорының орынбасары Кәмшат Оңалбаева бағдарламаның егжей-тегжейін айтып берді - деп жазды kaz.tengrinews.kz.

Егер әйел жөндеу жұмыстарына қарыз алғысы келсе, несие сомасы 15 миллион теңгеден аспайды. Жылжымайтын мүлік сатып алу үшін - 50 миллион теңгеге дейін.

"Алматы мен Астанада несие алғысы келетін қатысушылар үшін қарыз сомасы кепілдік құнының 80 пайызынан аспауы тиіс. Басқа өңірлер үшін - кепілдік құнының 85 пайызынан аспайды. Егер қарыздың ең жоғары сомасы 50 миллион болса және ол кепілдік құнының 80 пайызынан аспаса, онда қатысушыға алғашқы жарнаны төлеудің қажеті жоқ. Егер құны 30-40 миллионнан асса, онда бұл айырмашылықты қатысушы құрылыс салушыға бастапқы жарна ретінде өзі төлей алады. Қатысушының депозиті мен онда жинақтары болса, несие алу мүмкіндігі жоғары болады", - деп толықтырды Отбасы банк Алматы филиалы директорының орынбасары.

"Ұмай" ипотекасының шарттары

"Ұмай" әйелдер ипотекасы бойынша келесі пәтерлерді сатып алуға болады:

  • бастапқы нарықтан;
  • Қазақстандық тұрғын үй компаниясының кепілдігімен немесе сақтандыру құралын пайдалана отырып, үлестік қатысу шарты бойынша құрылыс сатысындағы үйлерден;
  • қайталама нарықтан, егер үй 2016 жылдан ерте салынбаған болса.

Әйелдер ипотекасының шарттары:

  • Алғашқы жарна - ірі қалаларда 20 пайыздан, өңірлерде 15 пайыздан басталады.
  • Қарыздың ең жоғары сомасы - 50 миллион теңгеге дейін.
  • Несие мерзімі - 6 айдан 10 жылға дейін.
  • Алғашқы жарна үшін зейнетақы жинақтарын пайдалануға болады.
  • Екі ортақ қарыз алушыға дейін тартуға болады.
Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале