Автомобильдің өртенуі күтпеген жерден болуы мүмкін. Бұған электр сымдарының ақауы, жанармайдың ағуы немесе техникалық ақаулар себеп болуы ықтимал. Қозғалыс кезінде түтін немесе өрт байқалса, ең алдымен көлікті қауіпсіз жерге тоқтатып, қозғалтқышты өшіріп, автомобильден шығу қажет.

Қозғалысты жалғастыруға немесе капотты толық ашуға тырыспаңыз. Капотты ашқан кезде ауа ағыны күшейіп, өрттің таралуына себеп болуы мүмкін. Автомобильден қауіпсіз қашықтыққа алыстап, жақын маңдағы адамдарға ескертіңіз.
Өрт туралы дереу 112 нөміріне хабарласыңыз. Операторға оқиға болған нақты орынды айтып, мүмкіндігінше автомобильдің маркасы мен моделін хабарлаңыз. Егер көлікте өрт сөндіргіш болса және оны қауіпсіз қолдануға мүмкіндік болса, өрт сөндіргішті жалынның негізіне бағыттаңыз.
Құжаттар, телефон немесе басқа заттарды алу үшін жанып жатқан көлікке қайта бармаңыз. Шұғыл қызметтерді шақырғаннан кейін қауіпсіз жерге алыстап, өрт сөндірушілердің келгенін күтіңіз.