29.05.2018, 15:00
Оқылды: 38

Оралдағы «Alem Plaza» сауда орталығында өрт-тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Бүгін «Alem Plaza» сауда орталығында Орал қаласының өрт бөлімшелерінің кезекшілік ауысымы мен күзетінің жеке құрамымен кезекті өрт-тактикалық оқу-жаттығуы жүргізілді.

Оқу-жаттығу барысы бойынша сағат 10.16-да БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінің күштері мен құралдарын жедел басқару орталығына «Alem Plaza» сауда орталығының төртінші қабаттың ауданы 30 шаршы метр «Nexxio» пиццериясында өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Оқиға орнына келген бөлімше адамдарды қауіпсіз жерге шығаруға, содан кейін өртті сөндіруге кірісті.

Шартты өрт сағат 10.57-де ауыздықталды. Оқу-жаттығуға барлығы 14 техника мен жеке құрамнан 68 адам жұмылдырылды.

- Мұндай оқу-жаттығулары бізде ай сайын өткізіледі. Ішкі істер министрлігінің нұсқауы бойынша алдағы екі айда сауда және білім объектілерінде 108 өрт-тактикалық оқу-жаттығуын өткізу жоспарланған. Бүгінгі «Alem Plaza» сауда орталығындағы оқу-жаттығуында 300 адам эвакуацияланып, 12 адам құтқарылды, - деді ҚР ІІМ ТЖК БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» мемлекеттік мекемесінің басшысы Н.Селимов.

«Alem Plaza» сауда орталығының қауіпсіздік қызметі бастығының айтуынша, ғимараттың жалпы ауданы 14 500 шаршы метрді құрайды.

 

БҚО ТЖД «ӨС және АҚЖҚ» ММ

мемлекеттік тіл және ақпарат тобы

DSC_0020 DSC_0056 DSC_0091 DSC_0146

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале