21.04.2022, 17:59
Оқылды: 100

“7-20-25” ипотекалық бағдарламасының мерзімі ұзартыла ма? Ұлттық банк жауап берді

12 сәуірде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев аяқталуға шақ қалған  “7-20-25” бағдарламасының мерзімін ұзартуды ұсынған еді. Алайда ҚР Ұлттық банкі  жеңілдетілген ипотекалық бағдарламаның мерзімін ұзарту мәселесін қарастырмайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

IMG-20220421-WA0082

"Халық пен банктер бұл бағдарламаны жалғастыруды ұсынып отыр. Қазір біз де осы мәселені көтеріп, Ұлттық банкке өз ұсыныстарымызды беріп жатырмыз. Бірақ қандай шешім болатыны әзірге белгісіз. Біз бұл мәселені әлі талқылап жатырмыз", – деді Өскенбаев үкімет отырысында.

Ұлттық банктің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан тілшісінің сауалына берген жауабында "7-20-25" жеңілдетілген бағдарламасы қазір жалғасып жатқанын және оны аяқтаудың нақты мерзімі жоқ деп жауап берді.

"Бағдарлама 1 триллион теңге көлеміндегі қаржыландырудың индикативті сомасына жеткенше жалғасады. 2022 жылдың 14 сәуіріндегі жағдай бойынша "7-20-25" бағдарламасы бойынша 533,9 миллиард теңгеге 42 375 несие берілді. Бүгінгі күні  "7-20-25" бағдарламасына түзетулер мен толықтырулар енгізуді Ұлттық Банк қарастырып отырған жоқ", – деп жауап берді Ұлттық Банкте.

Бұған дейін "7-20-25" жеңілдетілген ипотекалық бағдарламасы 2022 жылдың соңына дейін аяқталатыны хабарланған болатын.

Айта кетейік, "7-20-25" тұрғын үй бағдарламасы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен құрылған.

Несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі – 7%. Ал бастапқы жарнаның мөлшері тұрғын үй құнының 20% құраса, несиені өтеу мерзімі – 25 жылға дейін созылады.

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале