17.07.2023, 10:30
Оқылды: 9628

70 немересі бар: Түркістан облысында 24 бала өмірге әкелген батыр ана тұрады

Жетісайда 24 баласы, 70 немере, 20 шөбересі бар ақ жаулықты ана тұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

a8fe422c-9548-45d9-bb13-d66b076bd634

Түркістан облысы - батыр аналарды түлеткен берекелі өңір. Облыста алтын құрсақты аналар көп. Солардың бірі – 76 жастағы Сапаркүл Әбутәліпова 24 баланы дүниеге алып келген.

Жетісай ауданының Қараөзек елдімекенінде тұратын көпбалалы ана еңбекке жастайынан араласқан.

"Адамды адам еткен - еңбек" дейді. Жас кезімізден еңбекпен шұғылдандық. Жолдасым Жоламан екеуміз совхоздың малын бақтық. Мал шаруашылығында отағасы аға шопан, мен көмекшісі болып істедім. Жанұялы болып, 24 баланы дүниеге әкелдік. Өкінішке қарай, өмірдің түрлі сынағына тап болып, 12 балам қайтыс болды. Аллаға шүкір деймін, қалғанының барлығын аяқтандырдық, қатарынан кем қылмадық. Немере сүйіп, шөберенің қолынан май жалап отырмыз", – дейді ақ жаулықты ана.

Сапаркүл Әбутәліпова бүгінде 70 немере мен 20 шөбересінің қызығын көріп отыр. Өзі өмірінде бір рет үшемдерді, екі рет егіздерді дүниеге алып келген. Қазір ұл-қыздары қосақтарымен әулеттің дәулетін асырып, алтын құрсақты ананың ақ батасымен ұрпақ өрбітіп келеді.

"Батыр ана" медалін 1979 жылы 17-ші перзентімді дүниеге әкелгенде алдым. Ал, екінші "Алтын алқаны" омырауыма тәуелсіздік таңы атқан соң тақтым. Қазір ұл- қыздарым Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен Түркістан облысында өз істерінің шебері атанып, кәсіптерін дөңгелетіп, нәсіптерін тауып жүр"-дейді ол.

Бүгінде батыр ана жолдасы екеуі кенже ұлдарының шаңырағында тұрады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале