5.04.2021, 23:26
Оқылды: 151

80 мен 90-ның ортасы

Өңірімізге танымал ардақты азамат Асқар Атаевтың 85 жасқа толуына орай облыстық ардагерлер кеңсесінде құттықтау шарасы өтті.

80 мен 90-ның ортасы

Онда аталмыш кеңес төрағасы Мақсот Берген Асқар ағамыздың өткен өмір белестерін баян етті. Сонау Жәнібек ауданы топырағында дүниеге келіп, бар саналы ғұмырын туған өлкесінің өсіп-өркендеуіне арнаған жан атақ-абыройдан да кенде емес. Адал еңбегінің өтеуіндей, өңіріне 17 медаль таққан Асқар Қабдолұлы Жәнібек ауданының құрметті азаматы екенін айта кетелік. Жаны ізгіліктен жаралған тынымсыз тірлік иесі қазір де түрлі қоғамдық жұмыстардың бел ортасында жүр.

«Еңбегі барды – ел сүйеді» дегендей, осы күні ізгі тілекке толы өңір басшысы Ғ.Есқалиевтің құттықтаухатын А.Атаевқа облыс әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов табыстады. Өз кезегінде қалалық ардагерлер кеңесі мен Оралда тұратын жәнібектік ардагерлер де мерейтой иесінің қуанышына ортақтасуды ұмыт қалдырған жоқ. Бұдан басқа да көрсетіліп жатқан сый-құрмет қаншама?! Жиналғандар ол кісінің адамгершілік қырлары мен тапсырылған іске деген ерекше жауапкершілігін әңгімелеп, шаңырағының шаттығы ортаймауын тіледі.

 

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале