23.08.2023, 15:00
Оқылды: 32

840-қа жуық жаңа кәсіп қазақстандық Ұлттық сыныптауышқа енгізіледі

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2017 жылғы ҚР Ұлттық сыныптауышына  өзгерістер енгізу үшін жұмыстанып жатыр.

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, жүргізілген талдау шеңберінде жаңартылған ҚР ҰС жобасына 900-ден астам мамандық бойынша өзгеріс енгізу жоспарланса, оның 839-ы жаңа болады.

енбек

Өзгерістер жобасы мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен, ҚР Кәсіподақтар федерациясымен және «Атамекен» ҰКП-мен талқылау қорытындысы бойынша қалыптастырылды.

Сонымен қатар жұмыс берушілер қауымдастығының, Электрондық еңбек биржасында тіркелген жұмыс берушілердің, кәсіптік стандарттарды әзірлеушілердің және Жаңа кәсіптер мен құзыреттер атласының ұсыныстары ескерілді.

№ 1 «ҚР ҰC 01-2017 Кәсіптер сыныптауышына» өзгерістер жобасы стандарттау жөніндегі Ұлттық органның интернет-ресурсында орналастырылған (www.ksm.kz) «Талқылау» – «Стандарттар» – «ҚР ҰС жобаларын талқылау» бөлімінде оларға өз ұсыныстары мен толықтыруларын беруге болады.

Олар 2023 жылдың 15 қазанына дейін қабылданады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале