20.11.2022, 15:15
Оқылды: 74

99 жастағы Ұлы Отан соғысының ардагері дауыс берді

Кезектен тыс президенттік сайлауға Орал қаласының тұрғыны, Ұлы Отан соғысы және прокуратура құрылымдарының ардагері Иван Гапич қатысты. Ардагер ел болашағы үшін таңдау жасап, дауыс беруді азаматтық парызым деп санайды.

pOg2HI7kPPGbUnNzGt0yWxYOlJW6LkxR4KWH9f5qYp6AiwBo96v1bEMO1zgFK8e8ho662OkBeAnAAEH0fEofJW1_

Батысқазақстандық соғыс ардагері бірлікті ту етіп, елдің дамуына негіз болатын саяси науқанға әрбір азаматтың бейжай қарамау қажет екенін ашық айтты. «Ел басшысын дұрыс таңдау өте маңызды. Сайлауға қатысу – барлық қазақстандықтар үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік»,- дейді қария.

Айта кетсек, Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Гапич биыл 99 жасқа толды. Ол майданға өзі сұранып барған. Польша, Чехословакия және Украина жерін азат етуге арналған сұрапыл шайқастарға қатысқан. Майдангерге «Қызыл Жұлдыз» және ІІІ дәрежелі «Даңқ» ордені, «Ерлігі үшін», «Кенисбергті алғаны үшін» және «Германияны жеңгені үшін» медальдары берілген. Иван Гапич 1945 жылы 24 маусым күні Мәскеу қаласының Қызыл алаңында өткен Жеңіс шеруіне қатысқан. 2010 жылы Мәскеуде Жеңістің 65 жылдығына байланысты ұйымдастырылған шеруін тамашалады. Сондай-ақ соғыс ардагері 2015 жылы Нұр-Сұлтан қаласында болған Жеңіс шеруіне де барған.

Алтынбек Ермекқалиев,

zhaikpress.kz

Суреттер автордан

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале