4.05.2024, 11:02
Оқылды: 55

Абай облысында «Digital Elimai» қосымшасы таныстырылды

"Абай облысының креативті индустрия өкілдері спорт пен IT саласын байланыстырды", - деп хабарлайды ҚР мәдениет және ақпарат министрлігі.

b23a3a20091dc7a7348d6e7fbed86cf2_1280x720

Фото: www.gov.kz

Абай облысында креативті индустрия қарқынды дамуда, оның ішінде басқа салалармен де тығыз байланысыекенін атап өткен жөн.

«Abai IT-Valley» технологиялық кластерінің резиденттері «Елімай» футбол клубына арнайы «Digital Elimai» қосымшасын әзірледі. Қосымша челлендж ойындарының бір түрі. Пайдаланушы қосымшаны жүктеп оған тіркеледі, «Елимайдың» үйдегі матчы өтетін «Спартак» стадионына келеді. Матч басталғанға дейін, үзілісте және соңғы ысқырықтан кейін таблодағы QR кодты қосымшаның көмегімен сканерлейді. Сканерлеген соң ұпай беріледі. Маусым соңында, үйдегі матчтар аяқталған кезде, пайдаланушы белгілі бір шекті ұпай жинаса, жүлделер ұтысына қатысуға мүмкіндік алады.

Қосымша – IT, футбол және шығармашылық индустрияның симбиозы. Қазақстан спорт клубтарында мұндай қосымшаның тікелей аналогы әлі жоқ.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале