6.01.2025, 12:45
Оқылды: 61

Абай облысының кәсіпкері қымыздан балмұздақтың 18 түрін шығарады

2019 жылы 21 жасар Айдын Серікқазин қымыздан балмұздақ өндіру идеясымен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасынан 505 мың теңге көлемінде грант жеңіп алды. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады.  

c97cbc70-c436-4cee-a281-eedba5f82de9

Сурет:  gov.kz

2020 жылы «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша ол 5 млн теңге көлемінде өтеусіз грант алды. Бұл қаржыға жас кәсіпкер Семей қаласында қымыз бен саумалдан балмұздақ шығаратын шағын цех ашты. Содан кейін авторлық құқық алып, «Qazice» атты өнімін патенттеді.

Қазір Айдын Астана, Алматы, Балқаш, Өскемен, Семей қалаларында және Алакөл демалыс орталығында қымыз, саумал, сондай-ақ түрлі жемістерден жасалған балмұздақтың 18-ден астам түрін сатады.

9797813ed9a13ce8e66dc763a8e6ba72_1280x720

Сурет:  gov.kz

Шымкент пен Түркістанда Qazice сату нүктелерін ашу жоспарлануда. Өнім халық арасында жақсы сұранысқа ие.

Ұлттық брендті ілгерілету және отандық өнімді шетелде танымал ету мақсатында географиялық көрсеткішті тіркеуге өтінім берілді.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале