8.05.2020, 13:23
Оқылды: 105

«Абайдың сырлы әлемі» атты облыстық қашықтан ұйымдастырылған байқау қорытындыланды

БҚО білім басқармасы «Дарын» қосымша білім орталығының ұйымдастыруымен жалпы орта білім беретін мектептерінің 1-11 сынып оқушылары арасында «Абайдың сырлы әлемі» атты Абайдың қара сөздеріне, лирикалық табиғат шығармаларына облыстық қашықтық иллюстрациялар сайысы өткізілді.

Жармукан

Шараны өткізудегі басты мақсат - облысымыздағы мектеп оқушыларының арасындағы талантты жастарды анықтау, шығармашылық жұмыстарын жұртшылыққа жариялап үлгі етіп көрсетіп, Абайдың шығармашылығын насихаттау, философиялық-адамгершілік тәрбие беру, адами құндылықтарды қалыптастыру.

Облыс бойынша сайысқа барлығы 179 оқушы қатысып, бақтарын сынады.

Қорытынды бойынша 1-7 сынып оқушылары арасында  С.Ғұмаров атындағы балалар көркем сурет мектебінің 5 сынып оқушысы Мөлдір Құрақ және 7 сынып оқушысы Сұлтан Мажитов І орынды иеленсе, 8-11 сыныптар арасында Орал қаласы №42 «Ақ ниет» мектеп-гимназиясының 10 сынып оқушысы Диана Еркинова,  Х.Доспанова атындағы №30 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Жармұқан Нұрдәулет, Тасқала ауданы, жалпы білім беретін Шежін орта мектеп-балабақша кешенінің 8 сынып оқушысы Халенова Гүлдана жеңімпаз атанды.

                   БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале