23.02.2023, 17:45
Оқылды: 93

Әділет органдары халықпен тығыз қарым-қатынаста

Бәйтерек ауданы адвокаттармен, нотариустармен, жеке сот орындаушыларымен және заң консультанттарымен қамтамасыз етліген.

fb759b9b-beb3-457e-ae1a-1fe4bcf278cb

Бұл туралы бәйтеректіктермен кездескен ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев мәлімдеді. Мемлекет басшысының 2022 жылғы 7 сәуірдегі «Орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес ұйымдастырылған жиынға мемлекеттік, құқық қорғау құрылымдардың, саяси партиялардың, қоғамдық ұйымдардың, БАҚ өкілдері қатысты.

1d447984-7889-4e17-8210-9db2f5d138e2

Переметный ауылында өткен кездесуді ашқан аудан әкімі Марат Тоқжанов мәртебелі меймандарға «қош келдіңіздер» деп айтып, уақыт өткен сайын қоғам талабына сай заңнамаларды сәйкестендіріп, жетілдіру мәселесі туындайтынын жеткізіп, осы бағыттағы сауалдарды министрге жолдауға болатын атап өтті.

 -Өткен жыл бірқатар құқықтық жаңалықпен айшықталды. Тарқатып айтар болсақ, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Бүкілхалықтық республикалық референдум өтті. Соның нәтижесінде басқа да ұлттық заңнмаларымызға жаңашылықтар енгізілгені белгілі. Бұл жұмыстар - ҚР Президентінің «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауын іске асыру аясындағы іс-шаралардың бір парасы. Ұлттық заңнамаларды жүйелеу мен жетілдіру бағытында алдағы уақытта да көптеген жұмыс кезең-кезеңімен атқарылады.

Биылдан бастап елімізде Конституциялық сот, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жұмыстарын бастағаны белгілі. Енді саяси партиялардың, Қазақстан халқы ассамблеясының, Жоғары сот кеңесінің, жергілікті мемлекеттік құрылымдардың іс-әрекетін реттейтін, Есеп комитетін, Жоғары аудиторлық палатаны қайта жасақтау заңнамалары қайта қаралмақшы. Сондай-ақ жер қойнауы, оның қазба байлықтарын, өсімдіктер мен жануарлар және өзге де табиғи ресурстарды Қазақстан халқының билігіне беруге байланысты конституциялық қағидаларға да қатысты осындай жұмыстар жүргізілмекші.

  Әділет органдары аталған өзгерістердің жүзеге асуы үшін әрі қарай да құқықтық және ақпараттық сүйемелдеу бағытында жұмыстар атқаратын болады. Жалпы әділет органдары азаматтардың және ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін атқарушы билік құрылымы ретінде халықпен тығыз қарым-қатынаста.

 Бәйтерек – халық саны жағынан да, әлеуметтік-экономикалық даму тұрғысынан да Батыс Қазақстан облысындағы ірі аудан. Еліміздің өркендеуіне мұндай аудандар айтарлықтай үлес қосары белгілі. Кезекті кездесуім осындай іргелі ауданда жалғасып жатқанына қуаныштымын, - деді ҚР Әділет министрі Азамат Есқараев.

 Негізінен сұрақ-жауап бағытында өткен кездесуде аудандық мекеме-кәсіпорын өкілдерінен, ауыл әкімдіктері қызметкерлерінен қолданыстағы заңнамалар, оларға өзгерістер толықтырулар енгізуге қатысты біраз сұрақтар қойылды.

-Біз былтыр сот ұйғарымдарын орындау, яғни борышкердің мүлкіне, шотына, қозғалысына бұғат салу мақсатында жеке сот орындаушыларына жолықтық. Сонда олардың қызметі үшін жеке тұлғаларға 10, заңды тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде қаражат төлеу қарастырылғанын білдік. Негізі жеке сот орындаушылары бұл бағытта жұмыстанғанда қажет мәліметтерді бір базадан алып екіншісіне салатыны белгілі, яғни ешқандай еңбек ресурсын пайдаланбайды. Ал қапайым еңбек адамы үшін 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) сомасы - үлкен қаржы. Осы соманы 2 АЕК-ке дейін төмендетілсе деген ұсыныс бар, - деді Көшім ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Асылбек Асанов.

d8b64f82-a221-4e2d-b34e-11f0f790728b

Бұл өте орынды сұрақ екенін атап өткен министр кеше Оралда БҚО әділет департаментінде болған жиында да осындай мәселе көтерілгенін айтты.

«Расында да 10 АЕК – үлкен сома. Оны біз қарастыратын боламыз. Сөзіңіздің сөзіңіздің жаны бар, 2-3 АЕК мөлшерінде белгілеу бағытында ойластырудамыз», - деді Азамат Несіпбайұлы.

Переметный ауылының тұрғыны, көп балалы және ерекше бала тәрбиелеп отырған ана Әлия Нәбиқызы өзіне мемлекет тарапынан берілген тұрғын үйді жекешелендіру жайын сұрады. Мұны аудан әкім толықтырды. «Осыдан екі-жыл бұрын көп балалы, әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға аудан орталығынан жалдамалы пәтер берілді. Түрлі жиындарда сол пәтер иелері жекешелендіру жайын сұрайды. Себебі, бұл пәтерлер жеке оларға берілген соң, алдағы уақытта түрлі жағдай болып, отбасы мүшелері үйсіз-күйсіз қала ма алаңдайды,-деді Марат Лұқпанұлы.-Қазіргі заң аясында жекешелендіруге мүмкіндік жоқ. Сөздің шыны керек, бұл жергілікті атқарушы құрылым үшін де тиімсіздеу болып тұр. Құзырлы мемқұрылым өкілдері осы жалға берілген үйлердің жай-күйін бақылауда ұстайды. Бір жері сынса, жөндеп, реттеулері керек. Қаралған қаржы оның бәріне жете бере ме?! Жаңа сауал жолдаушы айтқандай, кей жағдайда әріптестеріміз өз ақшаларын салып, сынған, бұзылғандарды реттеуге мәжбүр болады. Сол себепті біз де өз тарапымыздан көп балалы аналар, мүгедек бала тәрбиелеп отырғандар үшін заңда ерекше жағдай белгіленіп, оларға жалдамалы пәтерді жекешелендіруге рұқсат берілсе екен дейміз».

Министр мұндай өзекті мәселеден хабарлар екенін айтты. Себебі ведомстваға еліміздегі көп балалы аналардан және өзге де жандардан осындай жайтқа орай көп сауал жолданып жатыр. Соған орай бұл түйткілді шешу бағытында да жұмыстанатын болады.

Серік Маратұлы,

Бәйтерек ауданы

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале