21.06.2022, 12:13
Оқылды: 108

Африка елдерін азық-түлік тапшылығы жайлады

Африканың Эфиопия, Сомали мен Кения елдерінде қуаңшылықтан 18 млн адам зардап шекті. Табиғат апатынан аймақта азық-түлік дағдарысы ушығып тұр. Ашқұрсақ жүрген халық елін тастап босып кетті.

8b31046acb9b892570ad7998f9238b50_L

БҰҰ мәліметінше кейінгі онжылдықта Шығыс Африкада шетел асқан келімсектер саны 2 миллионнан 5 миллионға дейін артқан. Былтыр 300 мың адамға көбейген. Африканың көптеген елі азық-түлік импортына тәуелді. Қазір әлемдегі геосаяси ахуалға байланысты алыс-беріс пен барыс-келіс тұралап тұр. Украинадағы соғыс басталғалы аймаққа тыңайтқыш, май мен дәнді дақылдардың жеткізілуі қиындап кетті. Салдарынан баға өсіп инфляция шарықтады. Мачариа Мунене, профессор: - Климаттық дағдарыстан кей өңірлерде өмір сүру мүмкін емес. Халық тамақ пен ауыз су іздеп өзге елдің есігін қағып босып жүр. Азық-түлік тапшылығы мәселесінің өзектілігі жыл өткен сайын ушығып барады. Биыл Украина мен Ресей арасындағы текетірес жағдайды одан бетер қиындатып жіберді. Осы категория бойынша: « Брюссель әуежайында қауіпсіздік қызметінің жұмысшылары шеруге шықты Солтүстік Кореяда ковидтен өзге белгісіз ауру індеті басталды »

24.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале