14.05.2021, 9:19
Оқылды: 84

Аға буынға құрмет

Ұлы Жеңістің 76 жылдығына орай Орал қаласындағы «Сервис» технологиялық колледжінің оқытушылары мен волонтерлері оқу орны ардагерлеріне құрмет көрсетті.

сервис колледж комек

Карантин талаптарына байланысты ардагерлер онлайн түрде құттықтаулар қабылдады. Педагогтер мен студенттердің ақ жарма тілектері бейнежазба арқылы жеткізілді. Оқытушылар кеше өздерімен әріптес болған күндерін, олардан алған тәлім-тәрбиелерін еске алып, олар аманаттап кеткен жүк жеңіл еместігін айтып, ардагерлерге дендеріне саулық, отбасыларына амандық, ұзақ ғұмыр тілеп, сыйлықтар табыстады.

Өз кезегінде Л.Мезинова, В.Завидова, А.Пронин, В.Коблова сынды ардагерлер мерекемен құттықтап, көтеріңкі көңіл күй сыйлағаны үшін ризашылықтарын білдірді. Бүгінгі таңда колледжде атқарылып жатқан игі істерге риза екендерін айтып, баталарын берді.

Колледж әкімшілігі ардагерлерге сыйлықтар дайындауға көмектескен демеуші Данияр Қожанберлиевке алғысын білдіреді.

 

Майра Нұрмұқашева,

колледж директорының орынбасары,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале