Ұлттық ұланның Бас тәрбиешісі Аналар кеңесіне қатысты
30 Қыркүйек 2023

Ұлттық ұланның Бас тәрбиешісі Аналар кеңесіне қатысты

«Еділ мен Жайық арасында Заратуштра ілімі тараған»
29 Қыркүйек 2023

«Еділ мен Жайық арасында Заратуштра ілімі тараған»

Оралда Аналар кеңесінің пленарлық отырысы өтіп жатыр
29 Қыркүйек 2023

Оралда Аналар кеңесінің пленарлық отырысы өтіп жатыр

Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады
29 Қыркүйек 2023

Ұлы Отан соғысының ардагерін құттықтады

Генерал-майор Қайрат Үмбетов БҚО-ға келді
29 Қыркүйек 2023

Генерал-майор Қайрат Үмбетов БҚО-ға келді

«Мобильді ХҚКО» қосымшасында жаңа қызмет пайда болды
29 Қыркүйек 2023

«Мобильді ХҚКО» қосымшасында жаңа қызмет пайда болды

«Ағаштан ағаш сәнін алады, Адамнан адам тәлім алады»

Бір тұтам ғана тірлікте адам баласы мейірім мен ізгілікке, адамгершілікке шөлдейді де жүреді ғой. Құйттай жылылық пен имандылық көрсе, көздері мөлтілдеп қалатыны сол.

4

Өнердегі үзеңгілес, сырлас құрбым, әнші-композитор, мәдениет саласының үздігі һәм майталманы Гүлбаршын Қасиетованың жақында хабарласып айтқан әңгімесі менің де жанарыма жас үйірді.

Бірер ай бұрын бір адам хабарласып, анасының 85 жасқа толуына орай ауылға келіп жеке концерт қойып беруге өтініш жасапты.

40 жыл мәдениет саласында еңбек ете жүріп мұндай шақыруды бірінші рет алған Гүлбаршын не деп ойларға білмей, біраз абыржыған. Әлдебіреулердің қалжыңы ма деп те күдіктеніп, әрлі-берлі сұрастырып та көреді.

Иә, Тасқала ауданында Ынтымақ деген ауыл (бұрынғы атауы – Крутой) бар екен. 85-ке толғалы отырған кейуана Сердалиева Күләш Қуатқызының сол ауылдың байырғы тұрғыны болғаны да рас екен. Гүлбаршынды арнайы шақырып отырған Сердалиев Мұрат Қапсалықұлы – сол ананың бес перзентінің үлкені, тұла бойы тұңғышы.

«Анамыз науқас, 8 жылдан арбада отырады. Ауылдан Оралға көштік, бір-екі жылдан бері Алматыда тұрамыз. Біреулер ат шаптырып, той жасап жатады. Мен анамды мерейжасына сый ретінде аунап-қунап қайтсын деп, туған ауылымызға, сол анам үшін сатпай ұстап отырған қара шаңырағымызға әдейі алып келдім.  Ауылдастарымен бірге отырып, жанды дауыста концерт көріп, жанына дауа тапса деп едім» деп түсіндіріпті сол Мұрат бұл тосын ұсынысын. Әрі ойлап, бері ойлап, ер адамның анасына деген осынша жанашыр, қамқор пейіліне риза болған Гүлбаршын келісімін береді.

Мақаланың толық нұсқасын «Орал өңірі» газетінің №94 нөмірінен оқи аласыздар!

Дариға Мұштанова,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале