26.02.2024, 12:30
Оқылды: 21

Әйелін ұрып өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жіберілді

Әйелін ұрып өлтірді деп айыпталып, қамауда отырған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі сотқа жіберілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" жәбірленуші тараптың адвокаты Жанна Мұхамадиге сілтеме жасап.

Без названия

Фото: Sputnik/Болат Шайхинов

“Істі Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарайды”, – деді қорғаушы.

Бұған дейін күйеуінің қолынан қаза тапқан Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді ҚР Қылмыстық кодекстің 99-бабымен “аса қатігездікпен адам өлтіру” қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеген.

Айта кетейік, бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деген күдікпен ұсталған. Кейіннен қылмысты жасырды деген айыппен Салтанат Нүкенова көз жұмған мейрамхананың директоры да тұтқындалды.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале