31.03.2022, 11:20
Оқылды: 93

Аймағамбетов мектеп оқушыларының демалысын қысқарту туралы ұсынысқа пікір білдірді

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мектеп оқушыларының демалысын қысқарту туралы ұсынысқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

f25c2a2ef46c422dbed402822b812e7e

-Мұның оң және теріс тұсы бар. Бірақ қарсы болғандардың уәжін түсінеміз, бұған әрдайым ғылыми көзқарас қажет. Министрліктің, білім басқармасының, мұғалімнің немесе ата-ананың емес, оның балаға қаншалықты тиімді екенін ғылыми тұрғыдан қарауымыз керек. Балаға оның болашағы мен тиімділігі тұрғысынан қарасақ, басқаша көрініс шығады, - деді ҚР БҒМ Асхат Аймағамбетов.

Ведомство басшысы қазір министрлік осы мәселеге қатысты зерттеу жүргізіп жатқанын, оның нәтижесін кейінірек жариялайтынын айтты. Сондай-ақ ол ешкіммен кеңеспей, шешім қабылданбайтынын атап өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале