14.05.2021, 10:25
Оқылды: 168

Айналайын, балалар!

Біз бүгіннен бастап, өздеріңе арналған дәстүрлі байқауымызды жариялаймыз. Бұл шығармашылық бәйгеге 1-5 сынып оқушылары қатыса алады. Арнайы тақырып ұсынып, сендердің ой-қиялдарыңды шектеу біздің дағдымызда жоқ. Көркем әдебиеттің негізгі мұрат-мақсаты адам баласын жамандықтан жиреніп, жақсылықтан үйренуге жетелеу.  Демек, осы қағида өздерің жазған тақпақтар мен әңгіме-ертегілерде, салған суреттеріңде басты ұстаным болуы тиіс. Тартымды мақала һәм жұмбақ-жаңылтпаш та жолдауларыңа болады. Ең бастысы, жолдаған дүниелерің – өздеріңнің жазған-сызғандарың болуы шарт. Нанымды, шынайы шығармаларың мен әдемі салған суреттерің газет бетіне жарияланады. Аннан-мұннан көшіріп алудан немесе үлкендерге мақала жаздырып, сурет салғызып  алудан аулақ болыңдар. «Өтіріктің құйрығы бір-ақ тұтам»  дегендей, өздеріңді  өздерің  ыңғайсыз жағдайға қойып жүрмеңдер.

07120A38-A843-4239-8A41-3AE07F766B30

Байқау қорытындысы Тәуелсіздік мейрамының қарсаңында шығарылады. Шығармашылық байқауда тең құрбысының алды болғандарға редакция тарапынан сый-сияпат ұсынылады. Жүлделерді тапсыратын уақыт қосымша хабарланады.  

Ал, айналайындар, іске сәт!

"Орал өңірі" газетінің редакция алқасы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале