29.08.2021, 18:21
Оқылды: 216

«Айшаның» балалары жазбен қоштасты

Теректі ауданы Ақжайық ауылында жуырда ашылған «Айша» балабақшасы бұл күнде мемлекеттік бөбекжайға кезегі келмеген бүлдіршіндер үшін керемет мүмкіндік туғызып отыр. Әрі қолжетімді, әрі жаңа балабақшада әзірге 50 тәрбиеленуші тәлім алуда.

38A9B7EC-C4F2-4D20-9FA2-8CD052B9457F

Тәрбие ошағында жаздың соңғы күндері «Қош бол, жаз!» атты алғашқы мәдени шара өткен еді.  Концерт барысында «Ботақан»  (1,5-2,5 жас), «Еркем-ай» (2,5-3,5 жас), «Алақай» (3,5-5 жас)  топтары жас ерекшелігіне қарай тақпақ, ән, ойын, би түрлерінен өз өнерлерін ортаға салды.

— Ата-аналар мен балалардың арасындағы байланысты нығайту мақсатында жаз тақырыбына қолдан жасалған бұйымдардан көрме ұйымдастырдық. Көрмеге ата-аналар да ерекше жауапкершілікпен қарап, бірінен бірі асып түсетін алуан түрлі жұмыстарымен атсалысып жүргені қуантады ,— дейді балабақша меңгерушісі Светлана Аманғалиқызы.

8246B0D9-6F8D-4F94-AB76-648715B84325

Шара біткен соң бөбекжай басшысы көпшілікті тәрбие үйінің бүгінгі тыныс-тіршілігімен таныстырды. Ғимараттың әр бөлмесінің қабырғасына салынған экспозициялық суреттер еріксіз назар аудартады. Әсіресе бала қиялына сай жылдың 4 мезгілін шебер айшықтай білген суретші еңбегі ерекше көрнекіліктер ретінде көз тартып тұр.

— Тәрбиешілердің бәрі білімді, сауатты мамандар, балалармен тез тіл табысып, өз жұмыстарына жауапкершілікпен қарайды. Балалар бөлмесіне көрнекіліктер жасап, бейнелеу сабағынан тәлім беретін, үнемі ізденіс үстінде жүретін Зухра Арыстанғалиеваға ризамыз. Жасыратыны жоқ, мемлекеттен бөлінуі тиіс қаржы әлі қолымызға тиемесе де, осы уақытқа дейін әрқайсымыз санаспай қызмет етіп келеміз,— дейді мекеме басшысы. Оның айтуынша, балабақша ішінде әлі жүзеге аспаған жұмыстар көп көрінеді. Сайып келгенде оның бәрі қаржыға кеп тірелетіндіктен, ештеңе жасай алмай, қолдары байланып отырғанын жеткізді.  

A649D826-33DD-4141-8735-E99B2FCF62AD

Ауыл әкімі Болат Александрұлы бұл мәселені өз қадағалауында ұстап, неғұрлым жедел шешілуіне септесуге уәде еткендіктен, балабақша ұжымы бұл жағдайдың да жақын күндері түйіні шешілетініне сенеді.    

 Ғазиза Рахметова,

Ақжайық ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале