12.05.2021, 17:14
Оқылды: 170

Айт намазы оқылады

Бұл туралы облыстық жедел штабтың отырысында Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков мәлім етті. Ол биылғы 13 мамырда болатын айт намазы шаһардағы  Абай даңғылындағы орталық мешітте, Досмұхамбетов көшесінің бойындағы Тәжеден Батырұлы атындағы мешітте, 8 наурыз көшесіндегі Тулбаев Мұхаммед-Гариф атындағы (Қызыл мешіт) және Серебряков ауылындағы мешіттерде өтеді.

 ме

– Айт намазы таңғы сағат 7.00-де өтпек. Соған байланысты аталған көшелердің мешіт орналасқан бөлігі таңғы сағат 5.00-ден 7.00-ге дейін, ал Абай даңғылы 8.00-ге дейін жабық болады. Қаладағы Ә.Әйтиев атындағы көшеден Мұхит көшесіне дейінгі аралықта жергілікті полиция қызметкерлері патрульдық автокөлікпен қамтылады. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі таңғы сағат 5.00-ден кейін сол көшелердің тазалығына жауапты болса, ал мешіттен дыбыс шығару құралдарымен қалалық мәдениет, тілдерді дамыту бөлімі қамтамасыз етеді. Мешіт Досмұхамбетов көшесінде орналасқан. Құрманғазы көшесінен Сарыарқа көшесіне дейін де осындай жағдайды жасап отырмыз. Сол сияқты Шаған-Набережный тұйығынан Әбіш Кекілбаев атындағы көшеге дейін автокөлік қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі, - деді қала әкімі өз сөзінде.

                                                                            

Нұрымбек Жапақов,

zhaikpress

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале