9.06.2022, 11:45
Оқылды: 126

«Ақ Жайық, елге келсем, сен деп келем!»

12 маусым күні «Атамекен» өнер ордасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, әнші-композитор Донеділ Қажымовтың «Ақ Жайық, елге келсем, сен деп келем!» атты шығармашылық кеші өтеді.

дони

Аталмыш кеште еліміздің еңбек сіңірген қайраткері Жаңылсын Хасанова, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегерлері, танымал өнер жұлдыздары Жаскелең Ғайсағалиев, Дастан Есентеміров, Ернар Өмірәлі және Марат Сарбөпеев өнер көрсетеді.

Концертте орындалатын әсем әндерді Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі сүйемелдейтін болса, «Салтанат», «Ақжайық», «Назерке»  ансамбльдері бимен көркемдейді. Сонымен қатар эстрадалық бағыттағы бірнеше әндер орындалатын концертте жас әншілер де өнерін ортаға салмақ.

Айта кетейік, кеш барысында «Do­nedilden Dombyra» арнайы сыйлықтарына ұтыс ойнатылады. Сондай-ақ жиналған жұрт Донеділ Қажымовтың ел естімеген әндерімен танысатын болады.

Аманжол Исламғали,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале