23.08.2022, 10:00
Оқылды: 107

Ақ Жайық Каспийге «құймады»

Өткен сенбіде футболдан ел біріншілігінің ХІІІ тур кестесіне сәйкес Ақтаудың «Каспийі» Оралдың «Ақжайығына» қонаққа келді.

7X6A5996

Ойын басталысымен біздің футболшылар Маңқыстау түбегінен (келген) аяқдопшылардың қақпасын жиі торуылдағанымен, қарсылас команданың қақпашысы үнемі қажет жерден табылып, шеберлік танытумен болды. Сондай-ақ ара-тұра өрбіген ақтаулықтардың қарсы шабуылын үшбу ойында оралдықтардың құрамында бірінші рет жасыл алаңға шыққан белоруссиялық легионер қақпашы Родион Сямук те тойтара білді.

7X6A6044

Есеп екінші кезең бел ортадан ауа ашылды. Дәлірек айтқанда, 74-минутта Тома Табатадзе (№22) сол күні «Ақжайықтың» жейдесін алғаш рет киіп, Жайық жұртының көзіне бірінші рет көрінген легионер Завен Бадоянға (№25) оңтайлы доп тастап, армениялық құсмұрын жігіт үшбу пасты голға айналдырды. Екі минуттан кейін алабауыр доп Каспий теңізінің жағасынан келген команданың қақпасында тағы бір рет толқындай тулады. Бұл жолғы пастың да ауторы тап сол Т.Табатадзе, ал голды салған және бір «ақжайықтық» армян Петрос Аветисян (№20).  Осылайша 2:0 есебімен Жайықтың жігіттері жетінші орындағы команданы жеңгенімен, «Ақжайық» әзірше қауіпті аймақтан алыстай қойған жоқ. Күні бүгін оралдық футбол клубы 15 ұпаймен 14 команданың ішінде 13-ші орында келеді.

Осы аптаның жұмасында «Ақжайық» «Атырауды» қабылдайды. П.Атоян атындағы алаңда өтетін ойын кеш­кі сағат алтыда басталады. Жайық жұртын «Ақжайыққа» жанкүйер болуға шақырамыз!

Бауыржан Салық,

zhaikpress.kz 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале