13.06.2019, 19:48
Оқылды: 1353

Батысқазақстандықтар Алтай Көлгіновке ақ жол тіледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бүгін Нұр-Сұлтан қаласының әкімі лауазымына тағайындалған Алтай Көлгіновті батысқазақстандықтар әуежайдан шығарып салды.

d633544a-5002-4abc-9c77-fe17668cbe04

Батыс Қазақстан облысының әкімі болып бірнеше жыл жемісті еңбек етіп, жергілікті халықтың зор құрметіне ие болған Алтай Сейдірұлына  ақ жол тілеуге жиналғандардың барлығы гүл шоқтарын ұсынып, жылы лебіздерін білдіруге тырысты.

-Сіз үш жылдан астам уақыт Жайық өңірін басқардыңыз. Осы жылдарда халықпен етене жақын еңбек еттіңіз. Сіздің қай салада болмасын атқарған істеріңіз мәңгі елдің есінде қалады, жойылмайды. Енді міне республикамыздың бас қаласының игілігі үшін еңбек етуге бара жатырсыз. Сол еңбегіңізге зор табыстар тілейміз. Өмірде бақытты, еңбегіңіз табысты болсын. Сіздің есіміңіз Жайық жұртшылығының жүрегінде мәңгі сақталары сөзсіз,-деп тілегін білдірген өлкетанушы, профессор Жайсаң Ақбай жақсылықтың нышаны ретінде Меккеден әкелінген таспихты сыйға тартты.

64ae958c-9d0f-4d17-9cc9-0561284e0f9b

Ақ жол тілеп, шығарып салушыларға ризашылығын білдірген Алтай Көлгінов: «Осы өңірге басшылық қызметке жіберген Елбасымызға алғысым шексіз. Ақ Жайық өңіріне атқарылған игі істер менің ғана еңбегім емес, жанымнан табылған әріптестерімнің, қала берді барша батысқазақстандықтардың еңбегі деп білемін. Менің әр бастамама үн қосып, қолдау көрсеткен барша жерлестеріме алғыс айтамын. Бүгінгі күннен бастап облыс тізгінін ұстаған әріптесім Ғали Нәжимединұлына зор табыстар тілеймін» деген тілегін жеткізді.

5b2ef2c2-d029-4793-9ae9-0942eb9aa770

Нұрбек ОРАЗАЕВ,

суретке түсірген автор

zhaikpress.kz

459e0873-18e2-4778-ab6a-2ff9f7e881da

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале