16.08.2022, 9:45
Оқылды: 7

«Әкем сол кезде 20 жылға алға озып қараған екен ғой...» - жазықсыз жазалы болған азамат туралы сыр

Невролог дәрігер Ханзира Ғайноллақызы Ағеділовамен әңгімелесіп отырмыз. «Сіздің тұқымдарыңыздың Алашорда ұйымына, оның басшылары Жаһанша мен Халел Досмұхамедовтерге жақындығы, туысқандығы бар ма еді?» дедім сұхбатымыздың бір тұсында. «Жоқ! Ұйымға, оның көсемдеріне туысқандық түгілі, тамыр-таныстығы, қарым-қатынасы болмаған!» деп шегелеп жауап қайтарды. «Атам 1890 жылы туған. Орал мен Жымпитының арасына обоз айдап, кіре тартқан, сіңірі шыққан кедей. Оқуы, сауаты болмаған. Әжеміз 1900 жылғы, кедейдің қызы, үй шаруасымен айналысқан. Алашордашылардың өкілдеріне үш қайнаса сорпасы қосылмайды». 

1

Бұлай сұрауымның себебі бар. Баяғыда КСРО-ның 50 жылдық мерейтойы қарсаңында Жымпиты аудандық «Қызыл ту» газетінде, 1972 жылдың 5-7 желтоқсанында (№145-146 сандарында) жоғарыда айтқан Алашорда ұйымына ғана емес, Жымпитының өткен жылдарына қатысты тарихи-танымдық «Туған жеріміздің тарихынан» атты мақала жарияланды. Сол мақала үшін отыз жасында аудандық партия комитетінің ІІ хатшысы болып тағайындалып, он бір жылдан бері абыройлы қызмет атқарып келе жатқан Ханзираның әкесі, «Құрмет белгісі» орденінің иегері Ғайнолла Ағеділов пен аудандық газет редакторы Уәли Сұлтанов қатаң жазаланды. Нақтыласақ – екінші хатшы партиялық есеп карточкасына жазылған қатаң сөгіспен қызметінен босатылып, редактор Уәли Сұлтанов партиядан шығарылып, қызметінен қуылды.

Бұл мақаланың толық нұсқасын "Орал өңірі" газетінің №96 (16.08.2022) санынан оқи аласыздар!

Есенжол Қыстаубаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале