18.11.2021, 16:00
Оқылды: 77

Әкімдер ауыл шаруашылығына қатысты ақпаратты дұрыс беруі тиіс - Күрішбаев

Әкімдердің ауыл шаруашылығының жай-күйіне қатысты ақпараттың дұрыстығын қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілігін арттыру керек. Бұл туралы Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

25

«Бірінші - азық-түлік инфляциясы бойынша. Биыл ауыл шаруашылығы үшін өте қолайсыз жыл болды. Мұндай жаппай құрғақшылық бізде 30 жылдан астам уақыт болмаған. Сондықтан қазір азық-түлік тауарларының нақты теңгерімін бақылап отыру өте маңызды. Ал ол үшін біз ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің нақты көлемін білуге тиіспіз. Өкінішке орай, ауыл шаруашылығы өнімдері туралы статистикалық деректерде үйлеспейтін, бір бірінен алшақ ақпараттар бар. Қазір ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі туралы есепті тек заңды тұлғалар ғана тапсырады. Ал шаруа/фермер қожалықтарынан және жеке қосалқы шаруашылықтардан бұл деректерді интервьюерлер іріктемелі әдіспен жинайды. Шаруа қожалықтарының тек 30 пайызы және қосалқы шаруашылықтарының бар болғаны 2,5 пайыз ғана есеп береді. Яғни олардың 97,5 пайызы ешқандай есеп бермейді. Басқаша айтқанда, ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемінің едәуір үлесі әкімдер жинайтын әкімшілік ақпаратқа негізделіп айқындалады», - деді ол Сенаттың жалпы отырысында.

Осы ретте сенатор әкімдердің ауыл шаруашылығының жай-күйі бойынша жинаған ақпаратының дұрыстығын қамтамасыз ету жөніндегі жауапкершілігін арттыру қажеттігін баса айтты.

«Статистика басшыларының өздері атап өткендей, жергілікті атқарушы органдар өз рейтінгілерін көтеру мақсатында егін өнімділігі бойынша жоғары көрсеткіштерге мүдделігі статистика деректерін бұрмалауына әкелу қаупі бар. Ал бұрмаланған ақпараттар «қисық айна» әсерін тудырып мемлекеттік органдарының маңызды шешімдер қабылдауына, соның ішінде азық-түлік балансын реттеу жұмыстарына негіз болуы мүмкін», - деді Ақылбек Күрішбаев.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале