2.11.2021, 1:07
Оқылды: 84

Әкімдердің сот отырысына қатыспай-ақ жеңіске жететін күні келмеске кетті – Қанат Мусин

ҚР Жоғарғы сотының Әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қанат Мусин «Хабар» телеарнасындағы «Ұлт мүддесі» бағдарламасында Әкімшілік рәсімдік-процестік кодекстің қабылдауынан қандай нәтиже күтуге болатынын атады.

609EF541-45F1-41BE-A74F-F7126ACD31DA

«Әкімшілік рәсімдік-процессуалдық кодекс қабылданғанға дейін мемлекеттік органдар бұл процеске келмей-ақ, соттарды жеңіп шығуы мүмкін еді. Ал қазір сотта жеңіске жету үшін терлеуіне тура келеді. Біз әкімдердің талап-арыздарына талдау жүргіздік. Айта кету керек, кодекс қабылдануына байланысты әкімдер 53% жағдайда жеңіліс тапқан. Шенеунік өз шешімінің дұрыстығын сотта дәлелдеу кезінде қосалқы негіздемелерді уәж ретінде ұсына алмайды. Сол үшін әрбір шешімін он рет өлшеп, бір кесу арқылы қабылдайды. Бұл – әкімшілік кодекстің жағымды әсерінің бірі», - деп түсіндірді Қанат Мусин.

Жоғарғы сот өкілінің айтуынша, бұрынғы ТМД елдерінің ішінде Қазақстан Әкімшілік кодексті соңғылардың бірі болып қабылдаған.

«Қолданыстағы кодекс шетелдік судьялардың қатысуымен 10 жыл бойы әзірленді. Біз германиялық модельді таңдадық. Осы 10 жыл бізге басқа елдердің жіберген қателіктерін ескеруге мүмкіндік берді. Бүгінгі таңда шетелдік заң қауымдастығы біздің кодексімізге жоғары баға беріп отыр», - деді ол.

Дереккөз: inform.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале