12.05.2022, 17:30
Оқылды: 151

Ақпараттық-түсіндіру тобы университет ұжымымен кездесті

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінде ҚР Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы республикалық референдум бойынша түсіндіру-ақпараттық жұмыстарын жүргізетін топ құрылды.

A57186C4-BFD7-4366-9427-FD93AC3B7ED9

Топтың төрағасы – университеттің тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Ақылбек Сұлтанов. Топтың мүшелері – орталық директорлары және оқытушылар.

Бүгін аталмыш топтың төрағасы, проректор Ақылбек Ұзақбайұлы білім ордасының ұжымымен кездесу өткізді. Шараға Орал қалалық штабынан қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Мынатаубиік Әнесов қатысты. Жиында республикалық референдумның өткізілу барысы, Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы ақпараттар берілді. Сонымен қатар «Рухани жаңғыру» орталығының әдіскері Акбар Сералы мен аға оқытушы Есқайрат Хайдаров тақырып төңірегінде ой-пікірлерімен бөлісті.

БҚАТУ медиа орталығы

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале