20.09.2023, 11:00
Оқылды: 47

Ақсай қаласында әйел зорламақ болған күдікті ұсталды

БҚО ПД Бөрлі аудандық полиция бөлімінің Криминалдық полиция қызметкерлері зорлауға әрекет жасаған күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Жедел уәкіл қызметкерлеріне қылмыскердің ізін анықтауға қылмыс жасалған аумақта түсірген бейнебақылау камераларының жазбалары көмектесті, деп хабарлайды БҚО ПД баспасөз қызметі.

3B6D8B67-198B-4CCB-B2FF-E180CC7AF55E

«Қылмыс 9 қыркүйекке қараған түні Ақсай қаласында болған. Сол күні 1991 жылы туған әйел түнделетіп үйіне келе жатып, жігітті кездестіреді. Ол  белгілі бір мекенжайды айтып, мұны әңгімеге шақырады. Алайда танысу барысы күш қолдануға дейін жетіп, зорламақшы әрекет жасайды. Әйел  қашып үлгереді. Қылмыскер де оқиға орнынан бой тасалайды.

Үйіне келген жәбірленуші жедел жәрдем шақырып, полицияға хабарласады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері аталған қылмысты жасаған Ақсай қаласының 34 жасар тұрғынын анықтап, ұстады. Ұсталған азамат деструктивті діни ағымның ұстанушысы екені анықталды», дейді құқық қорғау қызметкерлері.

84E2367E-ADDF-42EB-A5C4-DDE703FF145E

Күдікті ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Оған қатысты ҚР Қылмыстық кодекстің 24-бабы – 120-бабымен (Зорлауға оқталу) сотқа дейінгі тергеу басталды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале