14.09.2022, 10:32
Оқылды: 101

Ақсай қаласында «Ақсайжылуқуат» МКК-ның нысандары бойынша баспасөз туры өтеді

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаменті табиғи монополия субъектісінің міндеттемелерді, атап айтқанда 2022 жылға арналған инвестициялық бағдарламаның іс - шараларын орындау барысы туралы ашықтық және айқындық мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен жұртшылық үшін баспасөз турын өткізуді жоспарлап отыр.

WhatsApp Image 2022-09-14 at 10.15.44

2022 жылдың 20 қыркүйегінде сағат 11:00-де «Ақсайжылуқуат» МКК-ның нысандарына бару жоспарлануда:

1) Ақсай қаласының 4, 5, 10 шағын аудандары (су құбыры желілері);

2) М.Әуезов көшесі, 36 М (Ақсай қаласының 1- КСС);

3) Өнеркәсіптік аймақ (Ақсай қаласының 6 - КСС);

4) Железнодорожная көшесі 135/5 (Ақсай қ. орталық қазандығы);

5) Дружбы народов көшесі (Ақсай қ. 10 шағын аудан қазандығы);

6) Бөрлі ауылы  (I  Бөрлі су жинағышын көтеру).

Осыған байланысты, Департамент аталған іс-шараға мәслихат депутаттарын, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік органдардың, тұтынушылар мен олардың қоғамдық бірлестіктерінің өкілдерін, тәуелсіз сарапшыларды, бұқаралық ақпарат құралдарын және өзге де мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырады.

Анықтама телефоны: 8 (7112) 25-03-83.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің БҚО бойынша департаменті

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале