2.01.2022, 9:40
Оқылды: 136

АҚШ: Колорадодағы өрт салдарынан 600-ге жуық үй қирады

АҚШ-тың Колорадо штатында күшті желдің салдарынан өршіген өрт салдарынан жүздеген үй қирап, ондаған мың адам эвакуацияланды. Өрт қалаларға тарап кеткен.

852ED8A9-2A84-43EA-A195-6D7C240CA6F4

Өрт Денвер штатынан Боулдер округіне қарай жылдам тарап бара жатыр. Билік өкілдері адамдардың зардап шегу мүмкіндігін де жоққа шығармайды. Луисвилл мен Супериор қалаларының шығыс бағытындағы Құзды тау мен осы аймақта тұрып жатқан 30 мыңға жуық адам шұғыл түрде үйлерінен кету туралы хабар алды. Супериорда 13 мыңға жуық, Луисвиллде 18 мыңнан астам адам тұрады. Өрт 600-ден астам үйді қиратып кеткен, олардың ішінде қонақүйлер, сауда орталықтары мен кәсіпорындар бар.

Округ шерифі Боулдер Джо Пелленің сөзінше, күшті желдің салдарынан электр желілері тербеліп, бір-біріне соғылған сымдардан шыққан ұшқын құрғақ шөпке түсіп, өрт тұтанған. Жылдамдығы сағатына 169 км-ге жеткен дауыл салдарынан өңірде АҚШ тарихында болмаған ірі өрт оқиғалары тап осы себептен туындаған.

Колорадо тарихында ең ірі орман өрті 2013 жылы болған. Ол кезде 511 үй жанып кеткен.

Джаред штатының губернаторы төтенше жағдай режимін жариялады және күн райы өзгеріп, жел бәсеңсиді деген үмітте екенін жеткізді. Төтенше жағдай өңірге қосымша ресурстарды және штаттың ұлттық гвардиясын жұмылдыруға мүмкіндік береді.

Дереккөз:ҚазАқпарат

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале