БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген
7 Маусым 2023

БҚО: Тұрғын танысын өлтіріп, денесін өртеп жіберген

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады
7 Маусым 2023

«Жайлы мектеп» жобасы аясында төрт мектеп салынады

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды
7 Маусым 2023

Оралдық оқушылар халықаралық байқаудан жүлделі оралды

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді
7 Маусым 2023

«Үздік фотосурет және бейнеролик» қалалық байқауы өтеді

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті
7 Маусым 2023

Елімізде өткен тәулікте белгіленбеген жерде суға түскен төрт адам суға батып кетті

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады
7 Маусым 2023

Бас жүлде 1000 000 теңге: Орал қаласының әкімдігі байқау жариялады

АҚШ пен Канадада суықтан көз жұмғандар саны 56 адамға жетті

АҚШ пен Канадада жауған қалың қар мен суықтан 250 миллион адам тұратын (ел халқының үштен екісі) аумақ зардап шегуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС сілтеме жасап.

2

АҚШ-тың 12 штатында ауа райына байланысты ескерту жарияланды. АҚШ-тың ұлттық метеорологиялық қызметі елде бұрын-соңды болмаған қыс болып жатыр деп тұжырымдады. Қатты соққан қарлы боран солтүстіктегі Канададан оңтүстіктегі Рио-Грандеге дейінгі аралықты қамтыды.

АҚШ пен Канададағы ауа райының қолайсыздығынан 56 адам қаза тапты.

Әсіресе Нью-Йорк штатындағы Буффало қаласында жағдай аса ауыр. Штат губернаторы Кэти Хоулдың айтуынша, қаза тапқандардың көбі жол-көлік оқиғасының құрбандары. Жол-көлік қозғалысы қатты қиындаған. Оның айтуынша көптеген жедел жәрдем көліктері зардап шеккен аймақтарға жете алмай, қарға батып қалуда. Боранға байланысты Вермонт, Огайо, Миссури, Висконсин, Канзас және Колорадо штаттарында да адам өлімі тіркелді. Оңтүстік Флоридада температураның айтарлықтай төмендеуінен өсімдіктер затты зардап шеккен.

Бұған дейін АҚШ-тағы қарлы боран салдарынан 30-ға жуық адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Фото: GETTY IMAGES

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале